21 Наурыз, 2015

КҮЛКІ КЕРУЕНІ №13

554 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

satira-13

Әзіл-оспақ, сын-сықақ бұрышы    Бөлімді  жазушы-сатирик Берік Садыр жүргізеді БІРДЕ... Бірде даңқты жазушы Бернард Шоу көшеде абайсызда велосипед мінген жүргіншімен соқтығысып қалыпты. Бірақ сәтін салып, екеуі де пәлендей жарақат алмаса керек. Велосипедші Шоудан қайта-қайта кешірім сұрап қоймапты. Сонда: – Негізі сіздің жолыңыз болмады, сэр! – депті Шоу. – Сәл болмағанда, сіз мені велосипедпен қағып өлтірген адам ретінде тарихта мәңгі қалатын едіңіз! * * * Бір нашар суретші Микеланджелоға өзінің бір бөлмені ақтап тастауды бұйырғанын, енді ол бөлме қабырғаларына сурет салатынын айтыпты. Сонда: – Дұрысы, алдымен сіз сурет салғаныңыз жөн еді, – депті Микеланджело. – Сосын ақтап тастау оңай ғой. * * * Атақты математик және философ Готфрид Вильгельм Лейбництің достары оған туған күніне өзінің бюстін сыйлапты. Мүсінге қарап сәл ойланған Лейбниц: – Ә... күнде таңертең мен сақалымды қыратын бет осы екен ғой! – депті.   *Татар әзілдері Мақтаншақ әнші – Кеше  менің әнімді тыңдадың ба? Пай-пай, даусым бүкіл залға сыймай кетті-ау, – деп мақтаныпты бір әнші жолдасына. – Естімегенмен даусыңның есік-терезеден ағыл-тегіл сыртқа шығып жатқанын көрдім және күшті даусыңа орын беру үшін тыңдаушылар залды босатып үйлеріне қайтып кетіп  жатты ғой... Ақымақ бас екі аяққа тыным бермес Сауатсыз бір кісі екінші біреуден туыстарына хат жазып беруді өтінгенде : «Жаза алмаймын, қазір аяғым ауырып жүр», - депті. Таңданған сауатсыз адам: – Хат жазуға аяғыңның қандай қатысы бар? – деп сұрапты. Сонда анау: – Мәселе аяқта болып тұр ғой: жазған хатымды өзімнен басқа ешкім танып оқи алмайды, туыстарыңа барып қайтуға жағдайым жоқ, – деп жауап беріпті. Молла неге жылайды Бір әйел моллаға мұңын шағып: –  Ерім өлді, қаражатсыз қалдым, – деп көзіне жас алыпты. Молла да кемсеңдеп жылауға айналады, сонда әйел: – Мен қайғыдан жылаймын, сіз неге жылайсыз, моллекем? – деп сұрапты. – Мен сенің садақа бере алмайтыныңа жылаймын!   Кірпиязын қара – Сіз маған көжені неге кір тәрелкеге құйып бересіз? – Кірпиязын қара мұның. Сенен басқа отыз адам осы тәрелкеден тамақ ішіп кетті, бірде-біреуі «кір-мір» деп кінәлаған жоқ! Аңқаулық Байдың әйелі ауырып қалыпты. Көңілін сұрауға келген құрбысы: – Қай жерің ауырады? –  деп сұрапты. – Көріксіз жеріме шиқан шықты. – Бетіңде шиқанның белгісі көрінбейді ғой, – депті сонда құрбысы.   *Шетел әзілі ҚОРҒАНЫС РЕАКЦИЯСЫ Ауру төсекте түнеріп отыр, ал әйелі дәрігерге жыламсырап түсіндіріп жатыр. — Мен тіпті не істерімді білмеймін, профессор. Жұмбақ ауру… Міне өзіңіз қараңыз. — Ол күйеуіне жақындап келіп ақырын  сыбырлады. — Сүйіктім, менің сұрайын дегенім… ... Ауру тәлтіректеп кетті. — Дубленка, — деді ол момақан дауыспен, — Пал Семенычка. Ауру еденге гурс етіп құлап түсті. Дәрігер көмекке ұмтылып, ауруды көтеріп, қайтадан орнына отырғызды. —Түк түсінсем бұйырмасын... —Мен түсінеді деп ойлайсыз ба? Бір нәрсені сұрай қалсаңыз бірден ақыл-есін   жоғалтады. Міне,  қараңыз... Сүйіктім, Анна Пегровна   хабарласты… Ауру қайтадан теңселіп кетті. — Оған  «Жигулиіне» покрышка керек. Ауру қайтадан еденге құлап түсті. — Сіз кіреберістегі   адамдарды көрдініз бе?  — әйел жан-жағына жалтақтай қарап, әңгімесін жалғастырды. — Олардың бәріне осының ауырғаны батып жүр. Тіпті мұның өзінен де қатты қапаланатындар бар. — Бұл қалай, сонда? — Мұнсыз олар кімге бару керектігін, кімнен калай сұрау керектігін, кімге калай алғыс айту керектігін білмейді. Бұл бәрін де білетін. Ал қазір ешкімді білмейді, ештеңені есіне түсіре алмайды, —деді ол шуылдата мұрнын тартып, — біз ақысыз көмек көрсететін дәрігерді шақыртқан едік. Ол, яғни учаскелік дәрігер, мұның миы шайқалған дейді... Құдайым-ай, шынымен-ақ есінен адасқаны ма? — әйел көз жасына ерік берді. Кенеттен ауруға еңкейе беріп, дәрігер оның бір көзін қысып, белгі бергенін байқап қалды. — Бізді жеке қалдырыңыз, — деп өтінді дәрігер. Әйел дәлізге шығып кетті. — Дәрігер, көмектесе көріңіз, — деді ауру алқына сыбырлай сөйлеп, — шыдамым таусылды. Олар мені көздерінен таса еткілері келмейді. — Солай, қорқыныш маниясы, — дәрігер ақырын күбірледі. — Сонда қолымнан бәрі келетіні үшін менің кінәлі болғаным ба? — Мүмкін, ұлылық маниясы болар? — деп күдіктенді дәрігер. —  Мүмкін, сіз себебін маған айтарсыз? — Ол ауруға қарады. — Маған айтуға болады. — Мұны айтқанда не тұр? Оны өзіңіз де түсінесіз... Біреудің джинсиі бар, бірақ Алла Пугачеваның концертіне  билеті  жоқ. Тұрғын алаңды бөлетін біреудің баласын институтқа түсіргісі келеді. Ал енді біреудің қолында шет елдерді аралап қайтуға жолдама бар, бірақ оған  зираттан орын  керек… Соның бәрін маған басымда сақтауға тура келеді. Олар маған жұмыс істеуге мүмкіндік бермейді. Жұмыс істеудің орнына күні бойы телефон соғып, соларға дәнекер боламын. Бұл пәледен құтқару, дәрігер, сіздің ғана қолыңыздан келеді. — Сонда қалайша? — Сіз мені есі ауысқан деп мәлімдеңіз. Олар сізге сенеді. Дәрігер дәлізге шықты. Аурудың құлағына оның тек жекелеген сөздері ғана жетіп жатты: “...өкінішке орай, ұзақ емделеді... медицина дәрменсіз... Иә, нерв жүйелері бұзылған..”. Дәрігер қайтып оралғанда аурудың өңі кіріп қалған еді. — Рақмет, доктор! Тіпті сізге не деп алғыс айтарымды біле алмай тұрмын... — Бұл менің міндетім, — деп жымиды дәрігер заттарын чемоданға салып жатып. — Сіз шынында да бәрін істей аласыз ба? Маған білесіз бе, саяжай үшін учаске өте қажет. Дәрігер сөзін аяқтап үлгергенше, ауру еденде сұлап жатты. В.Панков.