Оқиға • 07 Қараша, 2025

Жалған баспананы жалға берген

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысының полиция департаменті интернет арқылы жалған хабарландырулар орналастырып азаматтарды алдаған 30 жастағы Ақтау қаласының тұрғынын ұстады, деп жазады Egemen.kz.

 

Жалған баспананы жалға берген

Фото: Астана қаласының полиция департаменті (архив)

Алаяқтан алты адам зардап шеккен. Үшеуі Ақтөбеден болса, қалған үшеуі Алматы, Түркістан облыстарынан. 

Жәбірленушілердің барлығы Алматы қаласынан бірнеше тәулікке пәтерді жалға алмақ болған. Күдікті олардан ақша аударымын алғаннан кейін байланысты тоқтатқан, сөйтіп жалпы 300 мың теңгеге жуық ақша иеленген.

Тергеп-тексеру барысында ұсталған ер адамның Алматы қаласынан пәтерлерді жалға беру туралы хабарламаларды интернет-платформасынан тауып, өзі жалға алушы кейпінде пәтер иелеріне хабарласқаны анықталған.

Polisia.kz мәліметінше қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Басқа өңірлерде оның осындай әрекетінен зардап шеккендердің бар-жоғы да тексеріліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50