ПЕТРОПАВЛ. 21 наурыз. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің астрофизикалық орталығына жиналған жұртшылық сағат 16-лар шамасында Күннің тұтылуын бір сағатқа жуық бақылады. Бұл туралы egemen. kz тілшісі хабарлады.
Физика кафедрасының доценті Андрей Солодовниктің айтуынша, теріскейде табиғаттың мұндай құбылысы соңғы рет 2008 жылы байқалған. Бұл жолы Ай Күннің бетін жарым-жартылай ғана жапқан.
«Еліміздің өзге аймақтарына қарағанда солтүстік өңір тұрғындары Күннің тұтылуын айқынырақ көре алды. Өйткені, солтүстікке жақындаған сайын бұл құбылыс барынша айқын аңғарылады. Мәселен, Айдың Күннің бетін толық жабуы Солтүстік Мұзды мұхит аумағында орын алды»,– дейді ғалым.
Фольга жылтыр қағазын, DVD-дискін, күйдірілген әйнекті көзге көлегейлеу арқылы да Күннің тұтылуын тамашалаушылар қатары көп болды.
Десек те, овсерваториямен бақылаушылар Күннің тұтылуын жақсы тамашалады.
Өмір Есқали.
Дерек: egemen.kz
Сурет: egemen.kz

Қазақстан бидай импортына қайтадан шектеу енгізбек
Экономика • Кеше
Қазақстан мен Иран көлік дәліздерін дамыту туралы келісімге келді
Экономика • Кеше
Президент Алатау қаласын дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Президент • Кеше
Қызылжар мешітіндегі ұрлық: Имам ұры қызды түрмеден құтқарып қалды
Заң мен Тәртіп • Кеше