Спорт • 09 Қараша, 2025

Тарихи медаль: Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Гран-при кезеңінде күміс жүлде иеленді

1 мин
оқу үшін

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Жапонияның Осака қаласында өткен Гран-при кезеңінде екінші орын алды, деп хабарлайды Ұлттық олимпиадалық комитеті.

Тарихи медаль: Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Гран-при кезеңінде күміс жүлде иеленді

Қысқа бағдарламада Софья уақытша екінші орынға орналасқан еді. Нәтижесінде ол өз орнын сақтап қалды.

Еркін бағдарламада қазақстандық спортшы 132,25 ұпай жинап, үшінші нәтиже көрсетті. Жалпы есепте 200 ұпай жинаған Самоделкина турнирді күміс жүлдемен аяқтады. 

Ол тек жапониялық Каори Сакамотоға (227,18 ұпай) ғана жол берді. Үшінші орын Бельгия спортшысы Луна Хендрикске бұйырды - 198,97 ұпай.

Соңғы жаңалықтар

Уылжыған іңкәр сезім

Тұлға • Бүгін, 08:35

Мұхит баба ізімен

Тағзым • Бүгін, 08:25

Ауылдың ырысы ортаймайды

Ауыл • Бүгін, 08:10

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 07:50

Табыс тапсаң, «Таудай бол»!

Кәсіпкер • Бүгін, 07:30

Тыңайтқыш алудың ыңғайлы тәсілі

Шаруашылық • Бүгін, 07:20