Заң • 10 Қараша, 2025

Бірнеше жыл төмен жүктемемен жұмыс істеген мұғалім сотта жеңіп шықты

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданының соты дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Андрей Зянкиннің КММ «Мамлют санаторийлік орта мектебі-интернатына» қарсы талап арызын ішінара қанағаттандырды, деп жазады Egemen.kz.

Бірнеше жыл төмен жүктемемен жұмыс істеген мұғалім сотта жеңіп шықты

Оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, педагог соттан аптасына кемінде 16 сағаттық оқу жүктемесін белгілеуді, төленбеген еңбекақыны және моральдық зиянның өтемақысын өндіруді талап еткен.

Сот А.Зянкиннің бірнеше жыл заңда белгіленген нормадан төмен жүктемемен жұмыс істегенін анықтады. Ал бастауыш сынып мұғалімдері дене шынықтырудан да сағат алып, артық жүктемемен еңбек етіп келгені белгілі болды. Заңсыздықты еңбек инспекциясының тексерісі де растаған.

Жағдайды анықтауғап оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының өкілдері қатысып, педагогтың Салалық келісім талаптарын сақтау және нормативтік жүктемені қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын қолдады. Сот шешімімен мектеп А.Зянкинге аптасына кемінде 16 сағаттық оқу жүктемесін белгілеп, 20 000 теңге мөлшерінде моральдық зиянның өтемақысын төлеуге міндеттелді.

Соңғы жаңалықтар

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Кеше

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Кеше

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Кеше

Қазақстанда мал ауруы 51%-ға төмендеді

Шаруашылық • 12 Желтоқсан, 2025