Медицина • 11 Қараша, 2025

Олжас Бектенов: Денсаулық сақтау саласы барынша ашық болуы тиіс

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Денсаулық сақтау министрлігі Цифрландыру министрлігімен бірлесіп, денсаулық сақтау жүйесіне дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды жоспарлау, тағайындау және сатып алу рәсімдеріне қатысты жасанды интеллектіні енгізу шараларын қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Олжас Бектенов: Денсаулық сақтау саласы барынша ашық болуы тиіс

Сонымен қатар халық тарапынан келіп түсетін арыз-шағымдарға жедел жауап беру қажет екенін атап өтті.

Денсаулық сақтау министрлігіне Мәдениет және ақпарат министрлігімен, әкімдіктермен бірлесіп, дәрілік заттармен қамтамасыз ету туралы халықпен тұрақты негізде кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды. Бұқаралық ақпарат құралдарын, цифрлық платформалар мен әлеуметтік желілерді және өңірлік іс-шараларды барынша пайдалану керек.

«Біздің міндетіміз – денсаулық сақтау саласын барынша ашық, әділетті және ең бастысы, әрбір азамат үшін қолжетімді ету», деп қорытындылады сөзін Премьер-министр Олжас Бектенов.
Үйлестіру мен бақылау Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевқа жүктелді.
Соңғы жаңалықтар

ЖИ нарығы қалай дамып келеді?

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Аграрлы Арқа

Шаруашылық • Бүгін, 08:50

Көктем игілігі – көшет егу

Аймақтар • Бүгін, 08:40

Финтех дәуірі басталды

Digital • Бүгін, 08:35

Әсем киім жарасар...

Мәдениет • Бүгін, 08:30

Дәрігерге дән ризамын

Қоғам • Бүгін, 08:25

Олжасы мол ұлттық спорт

Ұлттық спорт • Бүгін, 08:20

Жүрек қылын тербеген әуен

Өнер • Бүгін, 08:15

«ӨзенЖылу»: Ауқымды істер арнасы

Экономика • Бүгін, 08:10

Татулық пен мейірім мерекесі

Мереке • Бүгін, 08:05