Ғалам ғажаптары • 14 Қараша, 2025

Арал теңізіндегі құпия

1430 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осыдан біраз жыл бұрын Арал теңізінің тартылған түбінен ғалымдар түсініксіз геометриялық фигуралар тауып алған. Оның құпиясы әлі күнге дейін ашылмаған.

Арал теңізіндегі құпия

Сурет ашық дереккөзден алынды

Отандық ғалым Борис Смердов 1990 жылы Арал маңындағы су деңгейін ба­қылау кезінде осы жұмбақ белгілерге тап болған. Аэрофотосуреттерде теңіз түбінен және жағалау бойынан ұзындығы 20–40 шақырымға дейін созылған түзу, параллель сызықтар көрінген. Кейбірі алып қол тарақпен тарағандай немесе қылқаламмен сызған сурет секілді. Ені шамамен 10–12 метр, арақашықтығы ондаған шақырымға жетеді. Француз ғалымдары бұл құбылысты Перудегі әйгілі Наска сызықтарымен са­лыстырып, «бұл жерден тыс өркениеттің ізі болуы мүмкін» деген болжам жасаған.

 

Соңғы жаңалықтар

Оқуға құштар қала

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:12

Момышұлының қолжазбасы

Жәдігер • Бүгін, 09:10

Келешегі күмәнді сода зауыты

Аймақтар • Бүгін, 09:07

ЖИ-ді білмей, мақтанба!

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Алмас жарқылдайтын кезең

Ауыр атлетика • Бүгін, 08:53

Алтын көпір

Руханият • Бүгін, 08:45

Жеңіске бастар жол

Күрес • Бүгін, 08:43