Шаруашылық • 14 Қараша, 2025

Тоқаев: жеңілдетілген несие көлемі алғаш рет 1 триллион теңгеден асты

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Агросалаға бөлінетін жеңілдетілген несие көлемі ел тарихында алғаш рет 1 триллион теңгеден асып, фермерлерге техниканы жаңарту мен қаржыландыруды қолжетімді ету бағытында ауқымды қадам жасалды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумында айтты, деп жазады Egemen.kz.

Тоқаев: жеңілдетілген несие көлемі алғаш рет 1 триллион теңгеден асты

Фото: ашық дереккөз

 Несие қолжетімділігін арттыру үшін банктерге кепілдік беру механизмі енгізілген. Нәтижесінде «Даму» қоры биыл 1300 несиеге кепілдік беріп, мүлкі жеткіліксіз шағын және орта шаруалардың қаржы алу мәселесін шешуге жол ашты.

«Несие қолжетімді болуы үшін банктерге құзырлы мекеме тарапынан кепілдік беру тәсілі енгізілді. Биыл «Даму» қоры 1300 несиеге кепілдік берді. Сөйтіп несие алуға мүлкі жеткіліксіз көптеген шаруаның, әсіресе, шағын және орта деңгейдегі фермерлердің мәселесі оң шешімін тапты», деді Президент.

Бүгінде шаруалар сатып алып жатқан техниканың 90 пайызы – Қазақстанда құрастырылған өнім. Елдегі 10 зауытта әлемге танымал брендтерді қоса алғанда, 19 түрлі техника шығарылады. Президент жуырдағы АҚШ сапарында John Deere компаниясымен құны 2,5 миллиард доллар болатын стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойғанын атап өтті. Келісім аясында алдағы бес жылда Қазақстанда 3 мыңға жуық заманауи техника шығарылмақ.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50