ҚАРАҒАНДЫ. 21 наурыз. Қарағандылықтар ұлыстың ұлы күнін 22 наурызда атап өтпек. Бұл туралы nv.kz хабарлады.
Негізгі шара Қарағандының орталық алаңында ұйымдастырылады. Ал Бұқар жырау даңғылында киіз үйлер тігіліп, ұлттық нақыштағы көріністер ұсынылады деп күтілуде. Жалпы, қалада 41 киіз үй тігу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, қала тұрғындары мен қонақтарына ұлттық тағамдар, түрлі ас мәзірлері ұсынылады. Бұдан бөлек, Нұркен Әбдіров атындағы спорт сарайында ұлттық спорт ойындарынан жарыстар өткізіледі.
Айта кетейік, Наурыз мейрамы шаһардың барлық аудандарында ұйымдастырылады. Халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын шаралар Қарағандының аспанын кернегелі тұр.
Айқын Несіпбай.
Дерек, сурет: nv.kz.

Педагогтерді аттестациялау жүйесі жаңартылады
Білім • Кеше
Атырау облысында жер учаскелері мемлекетке қайтарылды
Аймақтар • Кеше
Атом энергетикасы саласы: Ұзақ мерзімді бағдар айқындалды
Энергетика • Кеше
Жапонияда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Кеше