21 Наурыз, 2015

Грузия президенті Мәскеудегі Жеңіс шеруіне қатысудан бас тартты

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
21-03-2015-margelashv 01АСТАНА. 21 наурыз. Грузия президенті Георгий Маргвелашвили Жеңістің 70 жылдығына орай өтетін Мәскеудегі шеруге қатыспайды. Бұл туралы rosbalt.ru хабарлады. Грузия Сыртқы істер министрі Тамара Беручашвили осы мәселе жөнінде айта келе: «Грузия президенті 9 мамырда Мәскеуде өтетін шеруге шақырту алды. Алайда, ол аталған шараға қатыспайды», деді. Осыған дейін Ресейдегі шеруге қатысудан АҚШ, Ұлыбритания, Польша, Словакия, Израиль, Литва, Латвия және Эстония елдерінің басшылары да бас тартқан еді. Ал Франция президенті әзірге нақты жауабын айтқан жоқ. Германия канцлері Ангела Меркель де 9 мамырда Ресей астанасына келмеу туралы шешім қабылдады. Дегенмен, ол 10 мамыр күні Владимир Путинмен бірге Мәскеудегі Белгісіз жауынгер ескерткішіне гүk шоғын қоюды жоспарлап отыр. Еламан Қоңыр. Дерек: rosbalt.ru. Сурет: ntv.ru.