Теннис • 20 Қараша, 2025

Теннисші Заңғар Нұрланұлы алғашқы табысына қол жеткізді

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

17 жастағы дарынды қазақ теннисшісі Заңғар Нұрланұлының жасөспірімдер мен жастар буыны арасындағы бірқатар халықаралық турнирлерде табысты өнер көрсеткенін жанкүйерлер жақсы біледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Теннисші Заңғар Нұрланұлы алғашқы табысына қол жеткізді

Міне, енді қандасымыз ересектер арасындағы жарыстардағы алғашқы қадамын бастады. Күні кеше ғана Мысыр елінде тұсауы кесілген ITF санатындағы турнирдің алғашқы айналымында ол Беларусь елінің өкілі Руслан Кацукевичті 7:5, 6:3 есебімен қапы қалдырды.

Сөйтіп, биыл US Open додасында жартылай финалға дейін жеткен Нұрланұлы АТР-дегі алғашқы рейтингтік ұпайын еншіледі.