22 Наурыз, 2015

Әзербайжандар Бурятия селосына шабуыл жасады

358 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

21-03-15-azerbaidjancy-1

АСТАНА. 22 наурыз. Бурятияның астанасы – Улан-Удэ қаласына жақын жердегі бір селоның тұрғындарына Әзербайжаннан келген 30 адам тыныштық беретін емес. Бұл туралы Ресей БАҚ-тары дерегіне сүйенген haqqin.az хабарлады. Улан-Удэ қаласы әкімдігі жетекшісінің орынбасары Петр Мордовской осында тұрып жатқан 30-дан аса Әзербайжан азаматтарының жаан-жағына тыныштық бермей келе жатқанына біраз болғанын хабардар етті. Бұған дейін Әзербайжан тумаларының село тұрғындарын қорқыныш пен үрейде ұстап отырғандарын тек ресми тұлғалар білетін еді, енді күллі елге жайылды. Дабылды Буратия әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Мордовскойге тікелей шыққан село басшысы қақты. Ал шағымды қабылдап алған лауазым иесі бұл туралы құқық қорғау органдарына жеткізді. «Бұдан бір ай алдын маған сондағы селолардың бірінің басшысы келіп, жағдайды айтып берді. Бірақ ол сол елді мекеннен емес, көрші ауданнан. Ол бұл селоға ұлты әзербайжан азаматтардың шоғырланып жатқанын жеткізді. Барлығы 30-дан астам адам», - деп мәлімдеді Петр Мордовской. Оның айтуынша, Әзербайжаннан келген қауымдастық мүшелері бүкіл селоны өз қол астыларына алып, мұнда қылмыстық істермен айналысуда. Алайда, әзербайжандардың бұл әрекеттерін жергілікті тұрғындар құзырлы органдарға жеткізе қоймаған. Шамасы, олардан қорыққан сияқты. Тіпті село басшысы да бұл қызметке жақында тағайындалғандықтан ғана бұл проблеманы ашып бергенге ұқсайды. «Біріншіден, есірткі саудасымен айналысқан, екіншіден, ұрылардың салтын ұстанған. Село басшысы бұл проблеманы бір өзі шеше алмайды. Оның селода өз магазині болған», - деді Мордовской. Мұрат Айтқожа.