Ғалам ғажаптары • 22 Қараша, 2025

Машина жөндейтін камера

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«SoundCam Go» – дыбысты «көре» алатын алғашқы портативті камера. Бұл шағын құрылғы смартфонмен және арнайы қосымшамен жұмыс істейді.

Машина жөндейтін камера

Сурет ашық дереккөзден алынды

Мақсаты – автомобильдегі жасырын ақауды, электр тізбегіндегі ызылда­ған дыбысты немесе көзге көрінбейтін кез келген шуды лезде анықтау. Камераға ақау­ды дәл табуға 72 микрофоннан тұратын мат­рица көмектеседі. Жұмыс істеу қағидаты фазалық антенна жүйесіне ұқсайды. Құрылғы әр дыбыстың таралу уақытын салыстырып, оның нақты қайдан шыққа­нын анықтап, сызба жасайды. Осылай­ша, мамандар да, қарапайым жүргізуші­­лер де ақаудың орнын көзбен көргендей дәл таба алады.

 

Соңғы жаңалықтар