Ғалам ғажаптары • 25 Қараша, 2025

Ертегіде ғылыми шындық бар

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақ баласын ең әуелі ғарышқа самғатқан – Тазша бала. Әйгілі қырық өтірігінің бірінде ол жеті жылқысын жоғалтып алады.

Ертегіде ғылыми шындық бар

Сурет ЖИ көмегімен жасалды

Айналасына қараса, ештеңе көрінбейді. Бойы жетпеген соң, құрықтың үстіне шығып қарайды. Онда да нәтиже болмайды. Кенет қалтасында тебен иненің бары есіне түсіп, оны құрыққа қадап, үстіне шығады. Айналаның бәрі ап-анық жарқырап сала береді. Ғалым Ақжан Машанидің пікірінше, Тазша баланың «өтірігінде» ғарыштық ғылыми шындық тұр. Жоғалған жылқы деген – жеті қарақшы жұлдыздар шоғыры. Ал оларды айдан анық, күннен жарық көрсеткен тебен ине – кәдімгі компас. Фольклорлық шығармалардағы мұндай рәміздік ұғымдарды «семиотика» деген арнайы ғылым зерттейді.

 

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35