Ғалам ғажаптары • 25 Қараша, 2025

Ортақ дәстүр

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ата-баба аруағына тағзым етіп, құран бағыштайтын елміз. Шелпек пісіріп, иіс шығару қазақ дүниетанымының ежелден жал­ғасқан дәстүрі. Алайда дәл осы түсінік қиырдағы мекси­калық­тарда да бар болып шықты.

Ортақ дәстүр

Сурет ЖИ көмегімен жасалды

Олар да қайтыс болған туыстарына жоқтау өлең айтып, арнайылап күлше нан пісіреді. Тек оған бал жағып, тәтті қылады. Африканың тағы тайпаларында да осы дәстүр кездеседі. Ғалымдар мұны күллі адамзатқа ортақ мифтік санамен байланыстырады. Яғни Адам ата мен Хауа ана бидай жеп, пәниге қуылғаннан кейін, дәл осы дақыл – адам архетипінде екі дүниенің дәнекері ретінде сақталған. «Аңыз түбі – ақиқат», бұл пікірді де есепке алмауға болмас.

 

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35