Денсаулық • 26 Қараша, 2025

Денсаулық сақтау министрлігі: 2 млн-ға жуық азамат ЖРВИ жұқтырды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде 2 млн-ға жуық адам жедел респираторлық вирустық инфекция жұқтырды. Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысынан кейін Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев айтты, деп жазады Egemen.kz.

Денсаулық сақтау министрлігі: 2 млн-ға жуық азамат ЖРВИ жұқтырды

– Маусымдық өсім бар. Бүгінде шамамен 2 млн адам жұқтырды. Бұл күз-қыс маусымындағы жағдай. Сырқаттанушылық өткен жылғы эпидемиологиялық маусыммен шамалас. Негізгі штамдар – түрлі ЖРВИ, паратұмау. Оның ішінде полимеразды-тізбекті реакция зерттеуі барысында шамамен 1 200 тұмау штамын да анықтадық, – деді ол БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның айтуынша, еліміздің Бас санитарлық дәрігерінің адамдар қай жерде бетперде тағуға кеңес берілетіндігіне қатысты ұсынымы бар.

– Аталған қаулыдағы бетперде тағу талабы емханалар мен ауруханаларда медицина қызметкерлері үшін міндетті. Ал басқа қоғамдық орындарда ұсыным түрінде ғана, – деді бірінші вице-министр.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35