Қоғам • 27 Қараша, 2025

«Атлетико Мадрид» футбол академиясында 113 жас футболшы білім алып жатыр

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда өткен Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында өңір әкімі Марат Сұлтанғазиев білім, спорт және креативті индустрияны дамыту бағытындағы бастамаларды таныстырды, деп жазады Egemen.kz.

«Атлетико Мадрид» футбол академиясында 113 жас футболшы білім алып жатыр

Фото: Облыс әкімдігі

Нью-Йорк киноакадемиясы филиалы 200 студентке арналған, оқу америкалық бағдарламамен 5 бағытта жүргізіледі, нақты айтқанда: киноөндіріс, сценарий, актерлік шеберлік, ойын дизайны, 3D-анимация. Қазір академияда білім алып жатқан 60 студенттің арасында Африка және Еуропа елдерінен келгендер де бар.

Ал халықаралық деңгейде спортшылар дайындайтын «Атлетико Мадрид» футбол академиясында білім алуға еліміздің түкпір-түкпірінен 113 оқушы келген.

Облыстың мәдени және рухани өмірінде ерекше шаралар қатарында Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы тұр. Ұлы тұлғаның мерейтойы ЮНЕСКО деңгейінде аталып жатыр. Мерейтой аясында ТҮРКСОЙ ұйымымен бірлескен жобалар жүзеге асырылып, Бейжің мен Мәскеуде концерттер ұйымдастырылған. Сондай-ақ Н.Тілендиевтің есімі мәдениет үйлеріне, көшелерге, оқу орындарына беріліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10

Монакодан ұтылды

Теннис • Бүгін, 07:55