Денсаулық • 29 Қараша, 2025

Атырау облысында 13 мыңнан аса адам қант диабетіне шалдыққан

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында қант диабетімен ауыратын 13 мың 720 адам тіркеуде тұр, деп жазады Egemen.kz.

Атырау облысында 13 мыңнан аса адам қант диабетіне шалдыққан

Атырау облыстық ауруханасының штаттан тыс дәрігер-эндокринологы Айша Бермағамбетованың мәліметіне сүйенсек, биыл аталған дертке шалдыққан 595 адам алғаш рет тіркеуге алынған.

«Қант диабеті – жаһандық деңгейдегі өзекті дерт. Бұл сырқат жас талғамайды. Атырау облысында биыл жыл басынан бері 19 балаға алғашқы қант диабеті диагнозы қойылды», дейді Айша Бермағамбетова.