АСТАНА. 22 наурыз. Кеше футболдан ағылшын премьер-лигасының 30-туры аясында 7 ойын өтті. Ньюкаслдағы жергілікті «Ньюкасл Юнайтед» пен Лондонның «Арсеналы» арасындағы матч жанкүйерлердің ерекше қызығушылығын тудырды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Ойын тең дәрежеде өрбіді. Десе де, үзіліске дейін Арсен Венгердің шәкірттері екі гол соғып үлгерді. Кездесудің 24 және 28-минуттарында Оливье Жиру мергендігімен көзге түсіп, дубльдің авторы атанды. Алаң иелері екінші кезеңнің басында есеп айырмасын қысқартқанымен (Мусса Сиссоко 48), одан әріге шамалары жетпеді. Нәтижесінде, қонақтар 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Бұл «Арсеналдың» биылғы чемпионаттағы 18-жеңісі. Сондай-ақ, қатарынан алты рет қарсыластарынан басым түсіп отыр. Бүгінде Лондонның командасы турнир кестесінде 60 ұпаймен 3-орында келеді. Ал «Ньюкасл Юнайтед» 12-сатыда тұр. 30 турдан кейін олардың еншілерінде 35 ұпай бар.
Ағылшын премьер-лигасында әзірге 64 ұпаймен «Челси» көш бастап келеді. Жозе Моуриньо жаттықтыратын команданың бүгінгі ойынын есептемегенде тағы бір кездесуі кем екенін айта кетейік.
Кеше өткен қалған ойындардың нәтижелері:
«Манчестер Сити» – «Вест Бромвич» 3:0;
«Тоттенхэм» – «Лестер» 4:3;
«Сток Сити» «Кристал Пэлас» 1:2;
«Саутгемптон» – «Бернли» 2:0;
«Астон Вилла» – «Суонси» 0:1;
«Вест Хэм» – «Сандерленд» 1:0.
Бүгін мына командалар жасыл алаңға шығады:
«Ливерпуль» – «Манчестер Юнайтед»;
КПР – «Эвертон»;
«Халл Сити» – «Челси».
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: footboom.com.

Бесінші қабаттан құлап кете жаздаған балалардың ата-анасы құқығынан айырылуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 20:54
«Қайрат» чемпиондар лигасы бәсекесіндегі алғашқы қарсыласын анықтады
Спорт • Бүгін, 20:33
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Президент • Бүгін, 20:05
Қостанайда полицейлер мен қамаудағылар мінген автозак аударылды
Қоғам • Бүгін, 19:54
Түркістан облысында пойыз апаты болды: зардап шеккендер бар
Қоғам • Бүгін, 19:41
Щучинскідегі дәмханадағы газ жарылысына қатысты тергеу аяқталды
Қоғам • Бүгін, 19:20
Трамп Ресей мұнайына қарсы санкцияларды қайта енгізуі мүмкін
Әлем • Бүгін, 18:56
Қызылжар мешітіндегі ұрлық: Имам ұры қызды түрмеден құтқарып қалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:34
Трамп пен Зеленский G7 саммитінде кездесті
Әлем • Бүгін, 18:04
35 долларлық кітаптан Альберт Эйнштейннің жазбасы табылды
Әлем • Бүгін, 18:00
Астанада жолаушылар автобусы зейнеткерді қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 17:47
Жасанды интеллект жасаған вакцина алғаш рет сынақтан өткізілді
Технология • Бүгін, 17:33
Алматы хайуанаттар бағына АҚШ-тан канадалық сілеусіндер әкелінді
Жануарлар • Бүгін, 16:46