22 Наурыз, 2015

Қостанайда үйленуші жастар тойларына Назарбаевты шақырды

416 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
1426938852jnde6АСТАНА. 22 наурыз. Қостанай қаласындағы «Салтанат сарайында» ерекше неке қию рәсімі өтті. Оған облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов қатысып, жас жұбайлар – Әсет және Анар Сүндетбаевтарға Президенттің құттықтау хатын табыстады. Бұл туралы today.kz хабарлады. Әсет бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жазып, өзінің үйлену тойына шақырыпты. Ол – Тәуелсіздіктің құрдасы. Рудный индустриалдық институтын бітірген. Қазіргі таңда Магнитогорск мемлекеттік техникалық университетінде «металлург» мамандығы бойынша оқып жатыр. Ал жұбайы Анар аталған оқу орнында құрылысшы мамандығы бойынша білім алуда. Әсет Мемлекет басшысын үлгі тұтады екен. Сондықтан да ол металлург мамандығын таңдапты. Ә.Сүндетбаев тәуекелге бел байлап, Президентке үйлену тойына шақыру мақсатымен жазған хатына жауап келгенде, қуанышында шек болмапты. Әсет: «Президенттің қызметін, еңбек жолын үлгі тұтамын. Мемлекет басшысының арқасында жастар шетелде оқуда. Мына мен де жұбайым екеуіміз Ресейде білім грантмен оқып жатырмыз. Нұрсұлтан Назарбаевты үйлену тойыма шақырамын деп достарыма айтқанымда олар сенбеді. Жұмысының көптігіне қарамастан, менің хатыма жауап бергеніне ризамын, – деді. Ал облыс әкімі Нұралы Садуақасов Елбасының өз қолымен жазған құттықтау хатын табыстады және жас жұбайларға теледидар сыйлады. Н.Сәдуақасов: «Үйлену тойында Президенттің құттықтау хатын алу - үлкен мәртебе. Елімізде осындай жас отаулар көбейе берсін», – деді. Жолдыбай Базар. Дерек, сурет: today.kz. 1426938852mfyqn 14269386924kqag-620x400 14269388524vp0i 14269388526wrdz