Фото: Report
Израильдің Қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) таратқан мәлімдемеде соққы жасалған нысандар «Хезболла» ұйымына тиесілі әрі елдің қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіргені айтылды. Алайда шабуылдың бір бөлігі тұрғын үйлер орналасқан аудандарға да бағытталғаны хабарланды.
Аймақтағы жағдай екі ел өкілдері арасындағы тарихи кездесуден кейін ушықты. Жиында тараптар алғаш рет экономикалық және азаматтық мәселелерді талқылағанымен, ортақ келісімге келе алмаған. Бейруттағы кездесуден кейін ливандық тарап Палестина мемлекеті құрылмайынша қарым-қатынасты толық қалыпқа келтіру мүмкін еместігін мәлімдеді. Ал, Тель-Авив бұл кездесуді «бейбіт келісімге қол жеткізу мүмкіндігі» ретінде бағалаған еді.
Израильдік БАҚ-тың дерегінше, ел билігі шекара маңында ахуалдың одан әрі күрделенуіне дайындалып жатыр.
Айта кетейік, Израиль мен Ливан 1948 жылдан бері ресми түрде соғыс жағдайында қалып отыр және дипломатиялық қатынастар орнатпаған.