Қоғам • 05 Желтоқсан, 2025

Заманауи зауыт жылына жетпіс мың тонна жеміс өңдейді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында көкөністер пен жемістерді (жылына 70 мың тонна) терең өңдейтін зауыт құрылысы басталды. Заманауи өңдеу технологияларымен жабдықталған жаңа зауыт – бәсекеге қабілетті өнім өндіруге және отандық аграрлық-өнеркәсіптік кешенді (АӨК) одан әрі нығайтуға ықпал етеді, деп жазады Egemen.kz.

Заманауи зауыт жылына жетпіс мың тонна жеміс өңдейді

Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Жобаға тартылған жалпы инвестиция көлемі 9,5 млрд теңге.

Жоба отандық «Qazaq Global Food JV» компаниясымен жүзеге асырылып, жоғары қосылған құны бар өндірістерді дамытуға, сондай-ақ АӨК-тің  экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған.

Ауыл шаруашылығы ведомствосының мәліметінше, қазіргі уақытта осы салада алдыңғы қатарлы ірі Göknur Gıda түрік компаниясымен Off-take келісіміне қол қойылған. Келісімге сәйкес, аталған компания болашақ кәсіпорын өндірген өнімдердің, соның ішінде алма шырыны концентраты мен басқа да өңделген тауарлардың экспортын жүзеге асыратын стратегиялық оператор болмақ.

Аталған серіктестік ұзақ мерзімді өткізу кепілдіктерін қамтамасыз етеді және отандық өндірушілердің шетелдік нарықтарға қолжетімділігін кеңейтеді.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35