2014 жылғы 25 қараша, Астана қаласы
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 1-7) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялауға бұқаралық ақпарат құралдарына және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеге жолдануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр В.ШКОЛЬНИК.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы
№145 бұйырығымен бекітілген
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің
17-бабының 1-7) тармақшасына сәйкес әзірленді және коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің тәртібін анықтайды.
2. Коммуналдық қалдықтарға тұрмыстық қатты қалдықтар және елдi мекендерде, оның iшiнде адамның тiршiлiк әрекетi нәтижесiнде түзілген тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы мен түзілу сипаты жағынан осыларға ұқсас өндiрiс қалдықтары жатады.
2. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу тәртібі
3. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары тұрғын үй қорының барлық объектілері, тұрғын емес үй-жайлар үшін жеке-жеке белгіленеді.
4. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тұрғын үй қорының барлық объектілері үшін және тұрғын емес үй-жайлар бойынша анықталады.
5. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары кейіннен есептік бірлікке жинақталу көлемін кейін есептей отырып, заттай өлшеу жүргізу жолымен анықталады.
6. Заттай өлшеу жүргізу үшін жайлылық деңгейі әртүрлі екі үлгідегі тұрғын үй қорының объектілері бөлінеді:
1) су құбыры, кәріз, газбен жабдықтау, орталықтан жылыту, қоқыс құбыры бар жайлы тұрғын үй;
2) пешпен жылытылатын, су құбыры мен кәрізі жоқ жайлы емес тұрғын үй.
7. Тұрғындар тарапынан түзілетін коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын анықтау үшін тұрғылықты халықтың мынадай саны бар учаскелер бөліп алынады:
халқының саны 300 мың адамға дейінгі қалаларда учаскелер жайлылықтың әрбір түрі бойынша тұрғындардың жалпы санының 2%-ын;
халқының саны 300 - 500 мың адам болатын қалаларда учаскелер жайлылықтың әрбір түрі бойынша тұрғындардың жалпы санының 1%-ын;
халқының саны 500 мың адамнан асатын қалаларда - 0,5%-ын қамти отырып таңдалады (соның ішінде жайлы емес сектор бойынша кемінде 500 адам).
8. Таңдап алынған объектілерде өлшеу жүргізу алдында жергілікті атқарушы органдар коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйымдармен бірлесіп, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша тұрғын қоры мен тұрғын емес үй-жайлардың коммуналдық паспортын жасайды.
9. Түзілген және жинақталған коммуналдық қалдықтардың массасы мен көлемін анықтау үшін өлшеу сызғышы мен салмақ өлшеу жабдығы пайдаланылады.
10. Өлшеуді бастамас бұрын контейнердегі қалдықтар тегістеледі және өлшеу сызғышының көмегімен қалдықтың көлемі анықталады.
11. Жинақталған қалдықтардың массасы толған контейнерлерді өлшеу жолымен және кейін бос контейнердің массасын алып тастау арқылы анықталады.
12. Егер бір учаскеде түзілген және жинақталған қалдықтардың жалпы көлемі арнайы техниканың (қоқыс тасығыштың) шанағын толтырған және басқа учаскелерден қоқысты тиеу мүмкін болмаған жағдайда, қалдықтардың массасын қоқыс тиелген және бос машиналарды автомобиль таразысында өлшеу жолымен анықтауға рұқсат етіледі.
13. Түзілген және жинақталған қалдықтардың массасы мен көлемі жөніндегі деректер осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы жазба бланкісіне жазылады.
14. Өлшеу бойынша бастапқы материалдарды өңдегеннен кейін әрбір объектінің алынған деректері (массасы, көлемі) аптаның күндері бойынша жалпы саны шығарылады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша коммуналдық қалдықтарды түзудің және жинақтаудың жиынтық маусымдық ведомосіне енгізіледі.
15. Маусымдық өлшеу жүргізілгеннен кейін деректер (масса, көлем) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жиынтық жылдық ведомосіне енгізіледі.
16. Белгілі бір объекті бойынша өлшеу болжанып отырған коммуналдық қалдықтарды жинағанда басқа объектілердің коммуналдық қалдықтары араласып кетпеуге тиіс.
17. Қалдықтардың жинақталуын анықтаған кезде бірдей сыйымдылықтағы стандартты контейнерлер пайдаланылады. Қалдықтарды барынша толық есепке алу және біркелкі емес түзілу мен жинақталу коэффициентін анықтау мақсатында қосымша контейнерлер орнату көзделеді, оларды орнату қажеттілігі мен олардың саны таңдап алынған учаскелерді тексерген кезде нақтыланады.
Өлшеу басталғанға дейін бір тәулік бұрын барлық контейнерлер толық тазартылуға тиіс.
18. Өлшеу бойынша бастапқы материалдарды өңдеу өлшеу жүргізген күннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей жүргізіледі.
19. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидалары 1-қосымша
Тұрғын қоры мен тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің түрлері
№ Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер Есептік бірлік
1 Жайлы және жайлы емес үйлер 1 тұрғын
2 Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар 1 орын
3 Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері 1 орын
4 Балабақшалар, бөбекжайлар 1 орын
5 Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері 1 қызметкер
6 Емханалар 1 адам
7 Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері 1 төсек-орын
8 Мектептер және өзге де оқу орындары 1 оқушы
9 Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері 1 орын
10 Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы 1 орын
11 Мұражайлар, көрмелер Жалпы алаңы 1 м2
12 Стадиондар, спорт алаңдары Жоба бойынша 1 орын
13 Спорт, би және ойын залдары Жалпы алаңы 1 м2
14 Азық-түлік дүкендері Сауда алаңы 1 м2
15 Машиналардан сату Сауда орны 1 м2
16 Өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер Сауда алаңы 1 м2
17 Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер Сауда алаңы 1 м2
18 Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары Жалпы алаңы 1 м2
19 Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары Жалпы алаңы 1 м2
20 Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету Жалпы алаңы 1 м2
21 Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар Жалпы алаңы 1 м2
22 Жағажайлар Жалпы алаңы 1 м2
23 Дәріханалар Сауда алаңы 1 м2
24 Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар 1 машина-орын
25 Автомобиль шеберханалары 1 жұмысшы
26 Гараж кооперативтері 1 гаражға
27 Шаштараздар, косметикалық салондар 1 жұмыс орны
28 Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі Жалпы алаңы 1 м2
29 Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары Жалпы алаңы 1 м2
30 Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.) 1 жұмыс орны
31 Моншалар, сауналар Жалпы алаңы 1 м2
32 Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар 1000 қатысушы
33 Бау-бақша кооперативтері 1 учаске
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидалары 2-қосымша
Нысан
Тұрғын үй қоры объектісінің коммуналдық паспорты
Қала ___________________________________________________________
1. Мекенжайы ___________________________________________________
2. Қабаттылығы _________________________________________________
3. Үйдің нөмірі __________________________________________________
4. Тұрып жатқан адамдардың саны, адам ____________________________
5. Жайлылық деңгейі:
а) су құбырының, газдың, кәріздің болуы ____________________________
б) жылу беру түрі (орталықтан, пешпен, жергілікті) ___________________
в) отынның түрі - көмір (тас көмір, қоңыр темір), ағаш отын, газ
_______________________________________________________________
г) қоқыс құбырының болуы _______________________________________
д) аула аумағының алаңы, м2 ______________________________________
оның ішінде
жасыл екпелер бар _______________________________________________
жабыны қатты __________________________________________________
оның ішінде жаяусоқпақтар ______________________________________
6. Контейнерлердің типтері, олардың саны және сыйымдылығы
_______________________________________________________________
7. Қоқысты шығару кезеңділігі ____________________________________
8. Қайталама шикізатты бөлек жинау жүргізіле ме (қандай және қанша)
_______________________________________________________________
Қолдары:
Т.А.Ә., лауазымы
Нысан
Тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің коммуналдық паспорты
Қала ________________________________
1. Объектінің атауы _____________________________________
2. Мекенжайы ________________________________________
3. Жапсарлас салынған немесе жеке тұрған (соңғысының қабатын көрсету қажет)
________________________________________________
4. Орын саны (қызметкерлер және т.б.) ______________________________
5. Тәулігіне өткізу қабілеті:
ойын-сауық кәсіпорындары үшін (орын саны) ________________________
қоғамдық тамақтану кәсіпорындары үшін (тағам түрі) ________________
6. Қызмет көрсететін персоналдың саны, адам ______________________
7. Үй-жайдың жалпы алаңы, м2 __________________________________
Оның ішінде:
сауда алаңы _________________________________________
қоймалық және қосалқы алаң __________________________________
8. Аула аумағының алаңы, м2 __________________________________
Оның ішінде:
жасыл екпелер бар______________________________________
жабын қатты _____________________________________________
9. Контейнерлердің типі, олардың саны және сыйымдылығы __________
10. Қалдықтарды шығару мерзімі __________________________
11. Тамақ қалдықтарын және қайталама шикізатты бөлек жинау жүргізіле ме?
(қандай және қанша) __________________________________
Қолдары:
Т.А.Ә., лауазымы
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидалары 3-қосымша
Формасы
Бастапқы жазба бланкісі
_________________
(күні)
_______________________________________________ объектісі бойынша
(атауы, мекенжайы)
Контей-нердің
р/с № Жиналған қалдықтар қабатының биіктігі, h, м Контейнер негізінің алаңы, S, м2 Контейнердегі қалдықтардың көлемі, h*S, м3 Қалдықтар тиелген контейнердің массасы (қоқыс тасығыш), mз, кг Бос контейнердің массасы (қоқыс тасығыш), mп, кг Контейнердегі қалдықтардың массасы, mз - mп
1
2
…
Тәулік ішіндегі
жиыны Vтәу Mтәу
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидалары 4-қосымша
Нысан
Объектілердің топтары бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жиналуының
жиынтық айлық (маусымдық) ведомосі
20__ жылғы ___ _____________ бастап ___ ____________ дейін
Жайлылық типі _________________________________________
Аптаның күндері Объектінің атауы Объектінің қызмет түрі Есептік бірліктің саны Жинақталған коммуналдық қалдықтардың көлемі/массасы Орташа тығыздығы, кг/м3 Барлығы қайталама шикізат іріктеп алынды (бөлек жинаған кезде)
жалпы 1 есептік бірлікке
кг м3 кг м3 кг м3
Дүйсенбі
Сейсенбі
Сәрсенбі
Бейсенбі
Жұма
Сенбі
Жексенбі
Тәулігіне
орташа
Қолдары
Т.А.Ә., лауазымы
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидалары 5-қосымша
Нысан
Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жиынтық жылдық ведомосі
Жайлылық типі _________________________________________________
Объект Ай Өлшенетін бірліктің саны Қалдықтардың жиналуы Біртекті емес коэффициент Бөлек жинау, кг
жалпы өлшенетін 1 бірлікке жалпы өлшенетін 1 бірлікке
м3 кг м3 кг м3 кг м3 кг м3 кг
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Барлығы
Тәулігіне орташа
Қолдары
Т.А.Ә., лауазымы
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидалары 6-қосымша
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу
1. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу былайша жүргізіледі:
1) бір тәулікте объектіде коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған бір контейнерде түзілген және жинақталған қалдықтардың көлемін анықтау (Vконт., м3):
Vконт=h*S
мұндағы h - контейнердің түбінен бастап жинақталған коммуналдық қалдықтардың жоғарғы нүктесіне дейінгі биіктік, м;
S - контейнер түбінің алаңы, м2;
2) контейнерлік алаңда коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жалпы көлемін анықтау (Vтәу, м3), егер контейнерлік алаңда коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған контейнерлердің саны бірден артық болса:
Vтәу=Vконт1+Vконт2+Vконт3….
мұндағы Vконт1, Vконт2, Vконт3 - контейнерлік алаңда орналасқан әрбір контейнер бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының тәуліктік көлемі. Есептеу контейнерлік алаңда орналасқан контейнердің санына байланысты жүргізіледі;
3) коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған контейнерде жинақталған коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасын анықтау (mконт., кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі:
mконт =m3- mп
мұндағы mз - қалдықтар тиелген контейнердің массасы, кг;
mп - қалдықтардан бос контейнердің массасы, кг;
4) объектіде түзілген коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасын анықтау (mтәу., кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі:
mтәу = mконт1+mконт2+mконт3…
мұндағы mконт1, mконт2, mконт3 - контейнерлік алаңда орналасқан әрбір контейнер бойынша коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасы. Есептеу контейнерлік алаңда орналасқан контейнерлердің санына байланысты жүргізіледі;
5) жинақталу нормалары жылдың маусымдары бойынша анықталады. Өлшеу қызмет көрсету кестесіне сәйкес контейнерлік алаңнан қалдықтарды шығарғанға дейін тәуліктің бір мезгілінде жеті күн бойы (үзіліссіз) жүргізіледі.
Өлшеу жүргізу мерзімдері: қыста - желтоқсан/қаңтар; көктемде - сәуір/мамыр; жазда - маусым/шілде; күзде - қыркүйек/қазан.
Маусымдық кезең ішінде объектіде түзілген коммуналдық қалдықтардың көлемін анықтау (Vмаус, м3) мынадай формула бойынша жүргізіледі:
Vмаус=Vтәу1+ Vтәу2+….+ Vтәу7
мұндағы Vтәу1, Vтәу2 - белгілі бір маусымда әр тәулік ішінде объектіде пайда болған коммуналдық қалдықтардың көлемі;
6) маусымдық кезең ішінде объектіде пайда болған коммуналдық қалдықтардың көлемін анықтау (mмаус, кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі:
mмаус= mтәу1 + mтәу2 +…+ mтәу7
мұндағы mтәу1, mтәу2 - белгілі бір маусымда тәулік ішінде объектідегі коммуналдық қалдықтардың массасы;
7) объектіде коммуналдық қалдықтардың түзілу көздерінің санынан коммуналдық қалдықтардың орташа маусымдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:
көлемі бойынша (Vтм, м3):
Vтм = Vмаус / (nхa)
массасы бойынша (mтм, кг):
mтм = mмаус / (nхa)
мұндағы n - маусымдық кезең ішінде бақылау тәулігінің саны.
a - есептік бірліктің саны;
8) объектіде есептік бірлікке коммуналдық қалдықтардың тәуліктік орташа жылдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:
көлемі бойынша (Vтом, м3):
Vтом= (Vқ тм + Vк тм + Vжтм +Vкү тм)/n
массасы бойынша (mтом, кг):
mтом= (mқ тм + mк тм + mж тм+ mкү тм)/n
мұндағы жоғарғы индекстер «қ», «к», «ж», «кү» - қыста - «қ», көктемде - «к», жазда - «ж», күзде «кү» - есептік бірлікте тиісінше қалдықтар пайда болуының тәуліктік орташа маусымдық нормативтерін білдіреді;
n - қалдықтар пайда болған маусымның саны (n=4).
9) Объектіде есептік бірлікте коммуналдық қалдықтардың пайда болуымен жинақталуының жылдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:
көлемі бойынша (Vж, м3)
Vж = Vтож х nк
массасы бойынша (mж, кг):
mж = mтож х nк
мұндағы nк - жылдағы күннің саны.
2. Коммуналдық қалдықтардың орташа тығыздығын анықтау, коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының маусымдық және тәуліктік біртекті емес коэффициентін анықтау мақсатында қосымша мынадай есеп жүргізіледі:
1) коммуналдық қалдықтардың орташа тығыздығын анықтау (gор, кг/м3) мынадай формула бойынша жүргізіледі:
gср =m/V,
мұндағы m және V - есептік бірлікте тиісінше массасы мен көлемі бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жылдық немесе орташа маусымдық нормативтері;
2) коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының маусымдық біртекті емес коэффициентін (kбе) анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:
көлемі бойынша:
Kбе = Vом/Vж
массасы бойынша:
Kбе = mом/mж
3) коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының тәуліктік маусымдық біртекті емес коэффициентін анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:
көлемі бойынша:
Kмбе = Vmaxтәу./Vом
мұндағы Vmaxтәу. - маусымда объектідегі коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының ең жоғарғы тәуліктік көлемі, м3.
массасы бойынша:
kсн = mmaxтәу./mом
мұндағы mmaxтәу. - маусымда объектідегі коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының ең жоғарғы тәуліктік массасы, кг.
3. Нақты және есептік жылдық көлемді салыстыру үшін коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының есептік бірлікте белгіленген жылдық нормативтері есептік бірліктің санына көбейтіледі. Осылайша алынған коммуналдық қалдықтардың түзілуінің есептік жылдық көлемінің айырмасы олардың дәл сол объектіде бір жыл ішінде нақты жинақталуының бес пайызынан аспауға тиіс. Есепті және нақты деректерде бес пайыздан артық айырма болған жағдайда коммуналдық қалдықтардың түзілуінің сараланған нормативтері олар түзілетін негізгі объектілер бойынша талап етілген қателіктермен нәтижеге шыққанға дейін түзетіледі.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 29 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10030 болып енгізілді.