Сурет ашық дереккөзден алынды
Алғашында ол интернет дүкенін ашып, кәсіп бастауды ойға алады. Алайда қолында тауары болмағандықтан, тек сайтты ашып жоқ заттарды сатылымға қояды. Сатып алушылар мен биткоинмен есеп айырысады. «Silk Road» сайты күннен-күнге танымал болып, тұтынушылар көбейеді. Бірақ ешкім тауарын ала алмайды. Көп ұзамай АҚШ федералдары «Silk Road»-қа бақылау орнатып, ұзақ тексерістен кейін 2013 жылы Ульбрихтті ноутбук алдында сайттың саудасын қыздырып отырған жерінен қолға түсіреді. Сот оған екі бірдей – өмір бойына бас бостандығынан айыру және қосымша 40 жыл жаза кесті. Алайда 2025 жылы Дональд Трамп оған рақымшылық жасады.