21 Ақпан, 2015

Ақпараттар ағыны

214 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
*Үкімет бірінші кезекте ауыл шаруашылығын қаржыландыру керек деп есептейді. Парламент Мәжілісінің депутаты, аг­рарлық мәселелер жөнін­дегі комитет төрағасы Ро­мин Мадинов күрделі эконо­ми­калық ахуалдан аталмыш сала оң көрсеткіштермен шы­ғатындығын атап өтті. Айта кетейік, үстіміздегі жылдың нақтыланған бюджетінде ауыл шаруашылығына қо­сым­ша 20 млрд. теңге қарас­тырылды. *Былтыр «Бәйтерек» холдингі 22,6 мың жұ­мыс орнының ашылуына мұрындық болды. Құры­лымның хабарлауынша, Ұлт­тық қордан бөлінген қаражат арқасында 75 млрд. теңге көлемінде 305 жаңа жоба ашылған. Сондай-ақ, 3 300 шағын және орта бизнес кә­сіп­орнына 182,3 млрд.теңге көлемінде қолдау көр­сетілді. *Астанада жастар «Ардагер» акциясына белсенді қатысып жатыр. Қалалық жастар саясаты жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан шара аясында апта сайын студенттер ардагерлердің үйіне барып, әлеуметтік көмек көрсетуде. Сондай-ақ, белсенді жастар тыл ардагерлері мен зейнеткерлерге де қол ұшын созуды жоспарлап отыр. *Оңтүстік Қазақстанда 600-ден астам адам кә­сіп­керлік мектебін бітірген соң өз ісін бастаған. Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 2014 жылы 3 399 адам кәсіпкерлік оқудан өткен. Олардың бір бөлігі өздері жұмыспен қамтушы болып, 400-ден аса жаңа жұмыс орындарын құрған. *Қызылорда облы­сы­ның ауылында шағын нау­байхана ашылды. Қазалы аудандық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, ел ризашылығына бөленіп отырған Қожабақы ауы­лы­ның тұрғыны Айбазар Кө­шербай өз қаражаты есе­бінен Ресейден қажетті жабдықтарды сатып алып, шағын наубайханасын іске қосқан. Қазір ол халықты нан өнімдерімен қамтамасыз етуді бастап кетті. *Ақмола өңірінде өткен жылы аумағы 268 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Облыс әкімі Сергей Кулагин 2014 жылы тұрғын үй құрылысына қаржыландырудың барлық көздері арқылы 21,8 млрд. теңгенің инвестициясы құйылғанын, бұл 2013 жылмен салыстырғанда, 1,7 есеге көп екенін мәлімдеді. Оның ішінде «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы шеңберінде 7,2 млрд. теңге бөлінген. *Павлодар облысын­да жалпы өңірлік өнім­нің көлемі 3 пайызға өскен. Аймақ әкімі Қанат Бозым­баевтың айтуынша, соң­ғы бес жылдың ішінде Ин­дус­трияландыру картасының аясында 68 жоба іске қосылып, 5 600-ден астам жұмыс орны ашылған. Хабарлар Үкімет, облыстық әкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі және nur.kz деректері бойынша дайындалды.