22 Наурыз, 2015

Флоридада бір әйел өз балаларын пышақтап тастады

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22-03-15_policiya_mashina

АСТАНА. 22 наурыз. АҚШ-тың Флорида штатындағы Палм-Бей қаласында өзінің алты жасар қызын пышақтап өлтіріп, тағы екі ұлын жарақаттап тастаған әйел ұсталды. Бұл туралы The New York Daily News хабарлады. Полиция шақыртумен 33 жастағы Джессика Маккартидің үйіне келгенде, олар әйелдің қолынан қасапшының пышағын көреді. Қабілетсіз халде тұрған оның денелерінде үлкен жарақаттардың ізі байқалған. Полицейлер тыныштандыру үшін оған бірнеше рет травматикалық тапаншадан оқ атқан. Анықталғандай, әйелдің өзінің үш баласына пышақ салып алған екен. Соның ішінде алты жастағы қыз ауруханада жантәсілім етеді. Ал бірі бес жастағы, екіншісі сегіз айлық екі ұл бала ауыр жарақаттар алыпты. Көршілердің айтуларынша, отбасы бұл үйге жарты жыл бұрын ғана көшіп келіпті. Мұрат Айтқожа.