Оқиға • Кеше

Алматы-2 теміржол бекетінде 52 адам табиғи газдан уланды: екі бала жансақтау бөлімінде

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы-2 теміржол бекетінде табиғи газдан улану дерегі тіркеліп, жедел жәрдем қызметі шұғыл түрде оқиға орнына жетті. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, барлығы 52 адамға медициналық көмек көрсетілді. Жапа шеккендердің арасында екі бала бар, олар қазір жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы-2 теміржол бекетінде 52 адам табиғи газдан уланды: екі бала жансақтау бөлімінде

Фото: istockphoto.com

Оқиға болған вагондар «Жолаушылар тасымалы» АҚ-на тиесілі емес екені анықталды. Олар жеке меншік тасымалдаушының меншігінде болып, киностудияға түсірілім жасау мақсатында уақытша берілген. Қазір барлық жағдайды тиісті органдар жан-жақты тексеріп жатыр.

Дәрігерлер 10 баланы стационарға жатқызған. Олардың екеуі ауыр хәлде жансақтау бөлімінде, қалғандары бейінді бөлімшелерде ем қабылдап жатыр. Басқа азаматтарға алғашқы көмек көрсетіліп, амбулаторлық бақылауға жіберілген.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қажетті медициналық көмектің толық көрсетіліп жатқанын хабарлады.