Жылдағы дәстүр бойынша жетекші платформа журналистермен кездесіп, БАҚ өкілдеріне бастамалар мен жетістіктері жайлы егжей-тегжейлі баяндады.
Биыл Қазақстан TikTok-та нағыз трендсеттерге айналған. Индонезия мен Кореядан бастап Мексика мен АҚШ-қа дейінгі түрлі ел қолданушылары Қазақстанға арналған жеке тренд қалыптастырды. Шетелдік креаторлар қазақ мәдениетіне ерекше қызығушылық танытып, «I’m not Kazakh, but…» тренді аясында қазақстандық әртістердің әндерін орындады. Қатысушылардың музыкалық таңдауы да әр алуан болып, Қайрат Нұртас пен Садраддиннің хит әндері, Қайрат Баекенов пен «Формат» тобының композициялары, сондай-ақ Димаш Құдайбергеннің күрделі вокалдық партиялары тыңдармандарын көбейте түсті. Кейбір ұлттық аспаптармен орындалатын халық әуендеріне бейнебаяндар түсіріліп, флешмобқа ерекше ұлттық реңк берілген.
Осы орайда қолданушылар платформаның ең белсенді және ерекше авторларын анықтаған #ҚауымдастықТаңдауы2025 байқауы – TikTok-тағы биылғы жылдың маңызды оқиғаларының қатарына кірді.
Биыл ең үздік ойын-сауық контентінің авторы ретінде қазақ тілінде киноларға шолу жасап, премьералар туралы ақпараттар мен кеңестер беріп отырған @daulenuly аккаунтының иесі Нұрбек Қасымбековтың есімі аталды.
«Ең үздік спорттық креатор» номинациясында спорт жаңалықтары танымал тұлғалардың біріне айналған @temirlan_erzhanovich аккаунтының иесі Темірлан Орынбаев топ жарды
Ал «Ең үздік танымдық контент авторы» атанған Алтынай Өтегенова @altynai_qazaq_tili – қазақ тілін үйренуге арналған танымдық контентпен бөлісіп, лексика мен ережелерді түсіндіріп, көптің білімін кеңейтуге, мәдени мәнмәтінге тереңірек бойлауына көмектесті.
Найля Павловская @nyakushkaa – қарапайым әрі дәмді ас мәзірлерімен бөлісіп бөлісіп, көрермендерді аспаздық тәжірибелерге шабыттандырғаны үшін «Ең үздік аспаздық креатор» атанды.
Ең үздік саяхат контентінің авторы Жұлдыз Рахмет @zhuldyz_rakhmet – тревел-журналист, платформа қолданушылары үшін Қазақстанның көрікті жерлерін таныстыратын виртуалды гидке айналды. Автор осы номинацияда екінші жыл қатарынан жеңіске жетті, бұл оның ел ішіндегі сапарларының аудитория үшін өзекті әрі қызықты екенін дәлелдейді.
Ұлт қазынасы @ult_kazynasy аккаунтының авторлары – Нариман Қарабалин, Бисұлтан Өмірбаев, Бауыржан Тілеуханов пен Әділ Имантаевтар өңірлердің мәдени және тілдік ерекшеліктерін көрсетіп, Қазақстан тарихына арналған бейнебаяндары үшін «Ең үздік мәдениет контентінің авторы» атанды.
Ең үздік шағын бизнес аккаунтының иесі @doner_na_satpayeva_ – бейнебаяндарында өз клиенттерін қызғылықты насихаттап отырған.
Жетекші платформаның экономикадағы ықпалын жоққа шығаруға болмайды. TikTok пен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстандағы шағын және орта бизнеске платформаның әсерін бағалауға арналған алғашқы зерттеуін жүргізіп, нәтижесінде TikTok-ты аптасына кемінде бір рет пайдаланатын әрбір сегізінші кәсіпкер кірісінің жартысынан астамын платформаның арқасында қалыптастыратыны анықталған.
«Биылғы жыл шығармашылық, танымдық контенттің қаншалықты күшке ие екенін айқын көрсетіп, білім таратуда, мәдени мұраны сақтауда, позитивті цифрлық ортаны қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Discover List 2025 тізіміне алғаш рет қазақстандық педагогтың енуі – біз үшін үлкен жетістік, ал үшінші жыл қатарынан өтіп жатқан Наурыз фестиваліміз платформамыздағы ең ірі мәдени оқиға деңгейіне көтерілді. Алдағы уақытта да қолданушыларға өзін еркін, қауіпсіз және шығармашылық тұрғыда көрсетуге мүмкіндік бере отырып, авторларды қолдауды, цифрлық сауаттылықты арттыру бастамаларын дамытуды, мәдениеттер арасындағы байланысты нығайтуды жалғастыра береміз», деді TikTok компаниясының Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша операциялық бөлім басшысы Мелис Чаглар.