Саясат • Кеше

Әйелдердің экономикалық мүмкіндігін дамыту – назарда

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астана қаласында Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті. Отырысқа ұлттық комиссия төрағасы, Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері, ұлттық комиссия мүшелері, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ онлайн режімде өңірлердің әкімдіктері қатысты.

Әйелдердің экономикалық мүмкіндігін дамыту – назарда

Сурет Мәдениет және ақпарат министрлігінен алынды

Кездесудің негізгі тақырыбы – әйел­дердің экономикалық мүм­кіндік­терін кеңейтуге ба­ғыт­талған шаралар, цифрлық экономи­ка жағ­дайында әйел­дер кәсіпкерлігін дамы­ту және жасанды интеллектіні енгізу мәселелері.

Өз сөзінде Аида Балаева әйел­­дердің эко­но­микалық мүм­кін­діктерін арттыру – отба­сы әл-ауқаты мен әлеуметтік тұрақ­тылық­тың маңызды фактор­ларының бірі екенін атап өтті.

Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмірин өз баян­дамасында Қазақ­стан­дағы әйел­­дердің іскерлік белсенділігі тұрақ­ты түрде жоғары деңгейде сақта­лып отырғанын жеткізді. Бүгін­де шағын және орта бизнес субъектілерінің шамамен 48%-ын әйелдер басқарады. 2025 жылдың желтоқсан айындағы жағдай бойынша елде 1 миллионнан аса әйел кәсіпкер тіркелген.

Отырыс барысында цифрландыру мәселелеріне, әсіресе ауылдық жерлердегі әйел­дердің қаржылық құрал­дарға қолжетім­ділігін арттыруға ерекше назар аударылды. Ұлттық комиссия төрағасы жыл соңына дейін қолдау шаралары мен салық реформасына байланысты жаңа міндеттерді түсіндіру бойынша ұлттық ақпараттық науқан жүргізуді тапсырды.

Аида Балаева сондай-ақ цифр­лық дағ­­ды­ларды дамытуда еңбек нарығының қа­жет­ті­ліктеріне, перспективалы бағыт­тар­ға басымдық бере отырып, салалық тә­сіл қолданудың маңыздылығын атап өтті.

Отырыста ұлттық комиссия мүшелері әйел­дердің эко­но­микалық дербестігін ны­ғай­туға, кәсіпкерлік бастамалар­ды да­мы­туға, цифрлық сауаттылық­ты арттыруға жә­не әйелдерді экономиканың жаңа сек­тор­ларына тартуға бағытталған іске асы­ры­лып жатқан шаралар туралы ақпарат берді.

Талқылау қорытындысы бо­йын­­ша цифрлық экономика жағдайында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту жөнінде кешенді жос­пар әзірлеу ұсынылды. Сон­дай-ақ элек­трондық коммер­ция және салық салу сала­ларын­дағы бі­лім беру және онлайн бағ­дар­лама­ларды дамыту, әйел­дердің цифр­лық құзыреттерін дамытуға арнал­ған жобаларды мемлекеттік органдар, ҮЕҰ, жоғары оқу орындары және инно­вация­лық алаңдардың қаты­суымен одан әрі кеңейту жұмыстары жалғасатын болды.

Бұдан бөлек, өңірлік комис­сия­ларға әйелдер кәсіпкерлігінің жағдайын талдау, ауылдық бас­тамаларды қолдау шараларын әзірлеу және әйелдер жобала­рын іске асыруға қажетті инфрақұ­ры­лымды жақсарту бойынша ұсыныстар берілді. 

Соңғы жаңалықтар

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Кеше

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Кеше

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Кеше

Қазақстанда мал ауруы 51%-ға төмендеді

Шаруашылық • 12 Желтоқсан, 2025