Молдахмет Кенбаевтың туғанына 90 жыл толуына арналған көрме өтті Қазақстанның халық суретшісі Молдахмет Кенбаев 1925 жылы 25 шілдеде Қостанай облысының Жангелдин ауданында дүниеге келді. 1948 жылы Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін, 1956 жылы В.И.Суриков атындағы Мәскеу Мемлекеттік көркемсурет институтын тәмамдады. Профессор Ф.Решетниковтің шәкірті. 1949 жылдан бері көрмелерге қатысып, 1955 жылдан бастап КСРО Суретшілер одағының мүшесі болып табылады. Молдахмет Кенбаевтың шығармашылығы қазақ бейнелеу өнерінде талассыз көрнекті орын алады. Ол Мәскеу мен Ленинградтың үздік оқу орындарында білім алып, 50-жылдары Қазақстан бейнелеу өнеріне келген суретшілер буынына жатады. Өмірді эмоционалды-бейнелі етіп көрсетуде және ұлттық ерекшелікті іздестіру жолында маңызды шығармалар тудырып, Қазақстан бейнелеу өнеріне жасалған зор сапалық секіріс осы буын өкілдеріне тиесілі. Қазақстанның сол кездегі өзге де суретшілерімен қатар Молдахмет Кенбаев – әлемдік өнер кеңістігінде дала мәдениетін лайықты көрсете білген суреткер. Молдахмет Кенбаевтың «Әліби Жангелдиннің отряды» деп аталатын тарихи-революциялық тақырыптағы картинасы дипломдық жұмыс ретінде бекітіліп, ол оны үздік қорғап шықты. Қазіргі таңда бұл жұмыс Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ-нің тұрақты экспозициясында тұр.
Молдахмет Кенбаев соңғы курста оқып жүргенде Үкіметтің тың және тыңайған жерлерді игеру туралы қаулысы шығып, ол жазғы практикасын тыңда өткізуге алғашқылардың бірі болып келісімін берді. Шығармашылық жолдарын жаңа бастаған суретшілер жасаған тың игерушілердің пейзаждық және портреттік этюдтері қазір сол кездің ерекше бір тарихи құжаты іспетті. Молдахмет Кенбаев үшін тыңға сапардың маңызы зор болды. Көкшетауда жүргенде оған шопан еңбегі жайлы кескіндемелік туынды жазу туралы ой келді. Ал тыңға «Астық мерекесі» триптихы мен «Тыңның тууы» картинасын арнады. 1957 жылы суретші «Сұхбат» және «Қашағанға құрық салу» деп аталатын екі кескіндемесін жазды. Алаңсыз ат үстінде кетіп бара жатқан екі шопанның асықпай құрған сұхбаты арқылы адам мен табиғаттың бірлігін шеберлікпен аша білген «Сұхбат» лирикалық картинасы жан жылуына толы. Ал, «Қашағанға құрық салу», керісінше, бар екпінімен арындай шапқан ақ боз ат пен қолдарына құрық пен арқан ұстап, соған
қарай ұмтылған қарулы екі салт атты бейнеленген, ал батып бара жатқан күн сәулесімен ойнаған сайын дала жігер мен динамикаға толы. Қарама-қарсы ашық түстер мен екпінді бағыттағы тұрмыстық көріністің сұлулығы ұлттық болмыстың бітімін алған. Салыстырмалы түрдегі шағын көлемдегі «Киіз басу» полотносы (1958 ж.) жалпы дәл табылған өлшемнің нәтижесінде көлемді туынды сияқты болып көрінеді. Кешке қарай күңгірт тартқан көк шөп, әлі де көгілдір аспан, ақ шаңқан көйлектер мен халық шеберлерінің түрлі түсті желеткелері – бәрі-бәрі қосылып мерекелі шығармашылық ортаны құрайды. Колориті мен сюжеті терең ұлттық картинада түтін арасынан салт аттының сұлбасы әрең көрінетін алысқа қарап отырған жас қыздың образына айналып кеткен лирикалық желі аса бір нәзіктікпен өтуде. Молдахмет Кенбаев ұзақ жылдар бойы ұстаздық қызметпен айналысты. Ол 1978 жылы Қазақ политехникалық
институтының құрылыс факультеті сәулет бөлімінің сурет және кескіндеме кафедрасында профессор атағын алған бірінші қазақ суретшісі. Осы бөлім негізінде 1979 жылы Алматы сәулет-құрылыс институты құрылды. Суретшінің жұмыстары көптеген көркемсурет мұражайларында, республикамыздағы, алыс және жақын шетелдердегі жеке коллекцияларда сақтаулы. «Қашағанға құрық салуды» – мемлекеттік Третьяков галереясы, ал «Шопан әнін» мемлекеттік Шығыс халықтары өнері мұражайы сатып алған. Шарафаддин ӘМІРОВ, «Егемен Қазақстан». АЛМАТЫ.
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: Елордада халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 15:03
Елімізде 32 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 14:52
Ірі энергетикалық нысандардан тарайтын зиянды шығарындылар 35 пайызға азаяды
Президент • Бүгін, 14:37
Қазақстанда жаңа БИ-95 автокөлік отыны өндіріле бастады
Қазақстан • Бүгін, 14:27
Мемлекет басшысы: Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына жол беруге болмайды
Президент • Бүгін, 14:15
Астанада Халықаралық су ұйымын құру бойынша консультациялардың бірінші кезеңі өтеді
Президент • Бүгін, 13:55
Театр, кино және диалог: Астанада Ресейдің мәдениет күндері өтеді
Қазақстан • Бүгін, 13:49
Тоқаев: Арал теңізі салғырттықтың салдары қандай қасіретке әкеліп соғатынын еске салады
Президент • Бүгін, 13:46
Мемлекет басшысы: Жасанды интеллект көмегінсіз экологиялық мәселелерді оңтайлы шешу мүмкін емес
Президент • Бүгін, 13:34
Қалауыңа қарай тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес: Мемлекет басшысы БҰҰ Жарғысы туралы
Президент • Бүгін, 13:30
Президент экологиялық күн тәрбін әзірлеу барысында дамушы елдердің қажеттіліктерін ескеруге шақырды
Президент • Бүгін, 13:18
Мемлекет басшысы Өңірлік экологиялық саммиттің пленарлық отырысында сөз сөйледі
Президент • Бүгін, 13:10
Мектептегі оқушы қыздар төбелесі: Ата-аналар директордың жұмыстан кетуін талап етті
Оқиға • Бүгін, 12:45
Депутат салық режимі бойынша ел аумағында бірыңғай мөлшерлеме енгізуді ұсынды
Парламент • Бүгін, 12:44
Жаңа заң жобасы: Ауыл бюджеттерін ұлғайтуға жаңа салықтық тетіктер ұсынылды
Парламент • Бүгін, 12:35