22 Ақпан, 2015

Екібастұз кеншілері «ҚХА-20 игі іс» акциясына қатысты

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
546b159504196ПАВЛОДАР. 22 ақпан. Еуразиялық Топ (ERG) құрамына кіретін «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ «Шығыс» кенішінің кеншілері «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін қайырымдылық қонақ асын ұйымдастырды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Ол «ҚХА-20 игі іс» республикалық эстафетасының шеңберінде тайқазанды қарсы алу құрметіне орай өткізілді. Кеншілер балалар үшін ет асып, палау басып, мол дастархан жайды. Кеншілердің «Восток» тобы әр ұлт тілдерінде тілдерінде әндер шырқады. Балалар үйінің тәрбиеленушісі Неля Ассамблеяның маңыздылығы туралы айтып берді. Неля қазақ тілін жақсы біледі. – «Қазақстан халық Ассамблеясы-20 игі іс» Екібастұзға да келді. Тайқазан молшылық, қуаныш әкелсін, – деді «ЕЭК» АҚ әлеуметтік мәселелер жөніндегі басқарма бастығы Алижан Мирахмедов. «ЕЭК» АҚ «Шығыс» кеніші 14 жыл бойы «Үміт» балалар үйін қамқорлық жасап келеді. «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілермені «Шығыс» кенішінің жұмысшылары, қызметкерлері нағыз достар, – дейді балалар үйінің директоры Нағима Абдрахманова. Фарида Бықай. Дерек, сурет: egemen.kz. IMG_6065-300x200 Неля2-200x300