ОРАЛ. 22 ақпан. Батыс Қазақстан аймағында мұнай өндіру ісімен айналысатын «Жайық мұнай» ЖШС иелігіндегі құбырдан ірі көлемде мұнай ұрланғаны белгілі болып отыр. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Бұл отандық фирмаға қарасты құбырдан жымқырылған стратегиялық шикізат меншік иелеріне 42 миллион 500 мың теңге залал келтірген. Осыған орай Орал қалалық соты жымысқы әрекетті іске асырған Ю.Козловқа қатысты үкімді жария етті.
Тиісті құқық қорғау органдарынан түскен деректерге қарағанда ол тағы бір мұнай ұрлауды кәсіп еткен К.Боранбаевпен бірге өзара қылмыстық топ құрып, серіктестікке қарасты мұнай өнімдерін ешқандай құжатсыз елміздің өзге өңірлеріне жөнелтіп отырған.
Олардың бұл қылмыстары әшкерленіп, тиісті қылмыстық жазаға тартылды. Атап айтқанда, Ю.Козлов Қылмыстық кодекстің тиісті бабы мен тармағына сәйкес мүлкі тәркіленіп, 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның сыбайласы К.Боранбаевқа да жаза белгіленді. Ол үш жыл жеті ай мерзімге сотталды. Ендігі жерде екеуі де жазаларын жалпы тәртіптегі түзеу колониясында өтейді.
Ұрланған мұнай өнімдері үш автокөлікпен тасымалданған. Іс барысында бұл көлік құралдары да тәркіленді. Сот талқысы кезінде К.Боранбаевтан 8 млн. 500 мың теңге ақша табылды. Мемлекеттік айыптаушының өтініші бойынша бұл қомақты сома да мемлекет пайдасына енгізілді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Темір Құсайын.
Дерек, сурет: egemen.kz.

Түрікменстаннан келген қабылан Маңғыстауда фототұзаққа түсті
Оқиға • Бүгін, 19:27
Астанада таеквондодан алғаш рет беделді халықаралық турнир өтеді
Спорт • Бүгін, 18:59
Грант, сыйлық, шәкіртақы: Дарынды жастардың дамуына жол ашатын бастамалар
Жастар • Бүгін, 18:44
Қарағандыда 10 жасар баланы тоқ соқты
Оқиға • Бүгін, 17:56
Қызылорда облысында жоғалып кеткен 6 жасар қыздың мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Астанада тағы бір көше ішінара жабылады
Елорда • Бүгін, 16:58
«Ролан Гаррос» турнирі: Данилина мен Крунич финалда жеңілді
Спорт • Бүгін, 16:40
Маңғыстау-Семей пойызының жолаушылары тарақандарға байланысты шағым жасады
Оқиға • Бүгін, 15:56
Тұтас бір аудан ішімдіктен бас тартты
Қоғам • Бүгін, 15:29
Қазақстанда кейбір интернет-ресурстардың жұмысы уақытша қиындады
Оқиға • Бүгін, 14:59
Astana Half Marathon 2026: Жаңа рекорд орнады
Елорда • Бүгін, 14:36
Қырғызстанда сел кезінде мектеп оқушысы жоғалып кеткен
Оқиға • Бүгін, 13:58
АҚШ-та атыс болып, 12 адам жарақат алды
Әлем • Бүгін, 13:31
Ұлыбританиядағы жеңіс: Иван Дычко қарсыласын нокдаунға жіберді
Спорт • Бүгін, 12:53
Мемлекетке қайтарылған қаржы: Балқаш ауруханасы жаңа келбетке ие болды
Медицина • Бүгін, 12:35