Руханият • Бүгін, 11:00

Бибігүл Төлегенова 96 жасқа келді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлем жұртшылығын әнімен тербеген, төрткүл дүниеге қазақ мәдениетін паш еткен өнерпаздың бүгін туған күні. Қазақстан мен КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Социалистік Еңбек Ері Бибігүл Төлегенова 96 жасқа аяқ басты, деп жазады Egemen.kz.

Бибігүл Төлегенова 96 жасқа келді

Фото: ашық дереккөз

Әнші шығармашылық жолын халық және халық композиторларының әндерін орындаудан бастады. «Гауһар тас», «Жиырма бес» сынды әндері ел жүрегінен орын алды. Кейін Латиф Хамидидің «Бұлбұлы», Евгений Брусиловскийдің «Қос қарлығашы», Александр Зацепиннің «Көктем вальсі» Бибігүл Төлегенованың төлқұжатына айналды.

Әншінің балалық шағы репрессия кезіне тұспа-тұс келеді. Әкесі нақақ атылып кетеді. Алты жастан бастап жас Бибігүл жеті баламен қалған жесір анасына көмектеседі. Оқумен қатар жұмыс істейді. Тынымсыз еңбектің нәтижесінде Алматыға оқуға түсіп, өмірлік жолын айқындаған ұстаздарымен кездеседі. Олар әншінің әлеуетін ашып, жаңа белестерге көтерілуіне мүмкіндік берді.

Ғасыр құрдасына айналса да аңыз әнші әлі де тың. Былтыр Қарағанды қаласында 95 жас мерейтойын өткізген Бибігүл Ахметқызы оркестрмен бірге жанды дауыста ән шырқады.

Соңғы жаңалықтар

ЕАЭО отырысы Шымкентте өтеді

Саясат • Бүгін, 12:58

Елшіл қайраткерге құрмет

Қоғам • Бүгін, 10:30