Аймақтар • Бүгін, 10:11

Түркістан облысында көпір опырылып қалды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Қошқарата ауылындағы Келес өзені арқылы өтетін көпір құлады. Жергілікті әкімдік көпірде қауіптің алғашқы белгілері пайда болғаннан-ақ көлік қозғалысына тыйым салынғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Түркістан облысында көпір опырылып қалды

Фото: видеодан алынған скрин

Алдын ала қабылданған шешімнің арқасында оқыс оқиға кезінде ешкім зардап шекпеген. 

«Келес өзені арқылы өтетін көпірде жарықшақ пайда болды, Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев оқиға орнына барып, көпірдің жай-күйімен танысты. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін көпір құлағанға дейін көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды», делінген аудан әкімдігі таратқан хабарламада.

Алдын ала мәліметке сай, көпір ұзақ жылдар қызмет етіп, тірек бағандары су салдарынан зақымданған. 

Қазір Алпамыс және Біртілек ауылдық округтерін байланыстыру үшін ұзындығы 10–15 шақырым айналма жол ұйымдастырылған.

Көпір Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының теңгерімінде болған.

Соңғы жаңалықтар