22 Ақпан, 2015

Қазалыда қонақ үй қызметінің дамыту жолдары талқыланды

710 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
SAM_1066АСТАНА. 22 ақпан. Қызылорда облысы Қазалы ауданы кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен «Ақтілек» қонақ үйінде аудан бойынша «Ішкі туризмді дамыту және қонақ үй қызметінің сапасын арттыру» бағытында семинар-кеңесі өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Аталған семинарға «Бастамаларды қолдау» Қоғамдық бірлестігінің өкілі Ж.Сапаржанова, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің бас маманы Т.Абибуллаев, аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы басшысы Г.Имандосова және филиал директоры Е.Аймаханов, қонақ үй меңгерушілері мен қызметкерлері қатысты. Семинар барысында аудан көлемінде орналасқан қонақ үйлердің қызмет көрсету сапасы және аталған саланы одан әрі дамыту жолдары талқыланды. Жолдыбай Базар. Дерек, сурет: egemen.kz. SAM_1046 SAM_1049 SAM_1052 SAM_1070