Фото: FIFA/Netflix screenshot
Ойын осы жазда, футболдан әлем чемпионатына орай шығады. Ол тек Netflix Games платформасында эксклюзивті түрде қолжетімді болады.
Netflix жазылымы бар барлық қолданушылар ойынды тегін ойнай алады. Ол үшін тек телефон мен Netflix аккаунты қажет. Ойынды жеке немесе достармен онлайн режимде, тікелей теледидар арқылы ойнауға болады. Ойын Netflix-тегі фильмдер мен сериалдардың қатарында орналастырылады.
Жобаның басты мақсаты – осы уақытқа дейін жасалған ең қызықты, ең қолжетімді және ең ауқымды футбол симуляторын ұсыну. Ойынға қатысты толық ақпарат релизге жақын уақытта жарияланады.
Айта кетейік, FIFA ойын сериясын 2023 жылы Electronic Arts компаниясымен серіктестігі аяқталғаннан кейін өз бетінше дамытып келеді. Бұл ынтымақтастық 1993 жылдан бері жалғасқан болатын. Ал жаңа ойын сериясын Delphi Interactive компаниясы әзірледі.