Елорда • Кеше

Бүгін «Астана Арена» маңында көлік қозғалысына шектеу қойылады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін елорданың 6 ауданында сағат 18:00-де 40-тан астам шыршаның шамы жағылады. Қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, келушілер үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында іс-шаралар өтетін уақытта «Астана Арена» стадионының маңында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп жазады Egemen.kz.

Бүгін «Астана Арена» маңында көлік қозғалысына шектеу қойылады

Фото: Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Қала әкімдігінің мәліметінше, «Алау» мұз сарайы жағындағы көше мен «Астана Арена» стадионының шығысындағы көшеде көлік қозғалысы шектеледі.

Қозғалыс шектеулері шырша шамын жағу мерекесіне дейін бірнеше сағат бұрын күшіне енеді. Шектеу барлық мерекелік іс-шара аяқталған соң алынады.

Жүргізушілер алдын ала жүру бағытын жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы өзгерістерді ескеруі қажет.

вв

Елорда аудандарындағы жаңажылдық шырша шамы жағылатын мекенжайларды мына сілтемеден көре аласыз. 

Соңғы жаңалықтар