- Кешегі ойын «Барселона» мен «Реалдың» ресми жарыстардағы 230-матчы. Ал Испания чемпионатындағы 170-кездесу.
- Екі команда арасындағы текетіресте «Реал» 92 рет жеңіске жеткен екен. «Барселона» 90 мәрте жеңіс тойын тойлады. Ал 48 ойын тең аяқталған.
- Егер тек Ла Лигадағы ойындарды алар болсақ, Мадридтің командасы 71 мәрте басым түскен. Каталондықтардың жеңісі 67-ге тең. Сәйкесінше, 32 рет қарсыластар жеңімпазды анықтай алмады.
- «Реал» соңғы 30 жылдың ішінде бір-ақ рет чемпионат барысындағы екі ойында да жеңіске жетті. Ол 2007-2008 жылғы маусымда тіркелді. Жалпы, аталған клуб тарихында Ла Лигадағы бір маусымда болатын екі «эль-классиконы» 13 рет жеңген.
- «Барселона» Испания чемпионатында бір маусымдағы «Реалға» қарсы екі ойында 12 мәрте жеңіс тойын тойлаған. Соңғысы өткен маусымда ғана тіркелгенін айта кетейік.
- Егер кешегі ойында Карло Анчелоттидің шәкірттері жеңіске жеткен болса, қатарынан үш рет «Барселонадан» басым түсер еді. Себебі, осындан бір жыл бұрын Испания кубогының финалында «Реал» басты қарсыласынан айласын асырғаны есімізде. Сондай-ақ, биылғы чемпионаттың алғашқы айналымында да мадридтіктердің мерейі үстем болды. Алайда, бұл жолы «Реал» ойыншыларына ондай бақыт бұйырмады. Жалпы, аталған нәтиже соңғы рет 37 жыл (1978 ж.) бұрын тіркелген екен. Ол кезде екі командадағы қазіргі ойыншылардың біреуі де әлі дүниеге келмеген еді. Ал «Барселонаның» бас жатықтырушысы Луис Энрике ол кезде 8 жасар бала болса, Карло Анчелотти Италияның «Пармасында» өзінің кәсіби футболдағы үшінші маусымын өткізіп жүрді.
- Клубтық және ұлттық құрама деңгейіндегі матчтарда әлемнің қос үздігі Месси мен Роналду 28 рет бір-біріне қарсы ойнаған. Соның 13-інде аргентиналық жеңіске жетсе, Роналду 8 мәрте Мессиден басым түскен. 7 ойын тең аяқталды. Осы 28 ойында Месси 17 гол соқса, Роналду 16 рет мергендігімен көзге түскен.
- Испания чемпионатының биылғы маусымында бомбардирлердің көшін әзірге Месси бастап тұр. Осыған дейінгі 28 турда ол 32 рет нәтижелі соққы жасаған. Ал аталған тізімде екінші тұрған Роналдудың Мессиден бір голы кем (31 гол). Егер қос ойыншының биылғы Ла Лигадағы нәтижелі пастарын санайтын болсақ, тағы да Мессидің алда екеніне көз жеткіземіз (15:11).
- Месси жыл басынан бері Испания чемпионатында 17 гол соқты. Мұндай көрсеткішке биылғы маусымда Еуропадағы ең үздік бес чемпионатты (Англия, Испания, Германия, Италия, Франция) қоса есептегенде ешкім қол жеткізген жоқ. Аргентиналықтан кейінгі сатыда 11 голдан соққан Гарри Кейн («Тоттэнхэм», Англия) мен Бас Дост («Вольсбург», Германия) тұр.
- «Эль классико» тарихында Леонель Месси 21 мәрте мергендігімен көзге түскен. Шабуылшының бұдан көп гол соққан ойыны «Барселона» мен Мадридтің «Атлетикосы» арасындағы айқаста тіркелген. Ол бүгінге дейін «Атлетикомен» болған ойындарда 22 рет қарсыластарын қапы қалдырды.
- Мессидің «Барселона» сапындағы келесі добы ресми ойындарда соққан 400-гол болмақ. Яғни, бүгінге дейін Леоның еншісінде «Барселона» үшін соққан 399 доп бар.
- Луис Энрикенің кезінде «Барселона» мен «Реал» сапында ойнағаны белгілі. Ол «эль-классико» тарихында екі команданың да қақпасына гол соққан бес футболшының біреуі. Энрикеден бөлек, мұндай дәрежеге Хосип Самитьер, Луиш Фигу, Роберто Карлос және Роналдо қол жеткізген.
- Клубтық және ұлттық құрама деңгейіндегі ойындарда Криштиану Роналду «Камп Ноу» стадионында 9 мәрте мергендігімен көзге түскен. Роналду ең көп голын «Реалдың» «Сантьяго Бернабеу» стадионында соққан (157 гол). Екінші орында «Манчестер Юнайтедтің» алаңы «Олд Траффорд» тұр (73 гол).
Бурабайдағы Мультимедиалық интерактивті кешенге келушілер көп
Аймақтар • Бүгін, 01:26
Аяз, көктайғақ: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 00:16
2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионаты өтеді
Спорт • Кеше
Алматы облысының меншігіне 86 мың га жер қайтарылды
Аймақтар • Кеше