Әлем • Кеше

Илон Масктің байлығы 700 млрд доллардан асты

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

SpaceX, Tesla және xAI компанияларының негізін қалаушы Илон Маск тарихта алғаш рет байлығы 700 млрд доллардан асқан адам болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Илон Масктің байлығы 700 млрд доллардан асты

Forbes мәліметінше, миллиардердің байлығы Делавэр штатының Жоғарғы соты төменгі сатыдағы соттың Tesla акцияларына байланысты Маскке берілген опциондарды жою туралы шешімі күшін жойғаннан кейін айтарлықтай артқан. Аталған опциондардың қазіргі құны 139 млрд долларды құрайды.

Forbes бағалауынша, Илон Масктің жалпы байлығы рекордтық деңгейге жетіп, 749 млрд долларға бағаланып отыр.

Сот шешімінен кейін Tesla қайтадан Масктің ең қымбат активіне айналды. Акцияларға берілген опциондардан бөлек, оған электромобиль өндіруші компанияның 12 пайыз жай акциясы тиесілі. Бұл акциялардың нарықтағы құны 199 млрд долларды құрайды. Осылайша, Масктің Tesla-дегі активтерінің жалпы құны 338 млрд долларға жеткен.

Сонымен қатар, қараша айында Tesla Маскке бөлек, рекордтық көлемдегі сыйақы пакетін ұсынған. Егер компания алдағы он жылда нарықтық капитализациясын сегіз еседен астам арттыру сияқты аса ауқымды көрсеткіштерге қол жеткізсе, бұл пакет Маскке қосымша акциялар түрінде 1 трлн долларға дейін табыс әкелуі мүмкін.

Бұған дейін Time журналы өткен аптада бірден бірнеше адамды «Жыл адамы» деп танығанын хабарлаған болатын. Басылым жасанды интеллект саласының негізін қалаушыларын атап өтіп, олардың қатарында Илон Маскты да атады.

Соңғы жаңалықтар