Сурет ашық дереккөзден алынды
Науқас арнайы кабинаға кіріп, сканерден өтеді. Жүйе диагноз қойып, ем тағайындайды немесе қажет болған жағдайда ауруханаға жібереді. Жүйе бірнеше күнде 10 мыңнан астам науқасты қараған. «MedQA» тестінде диагноз қою дәлдігі 93 пайыз болған. Машинаның қуаты өте мықты. Шаршамайды, күйіп-жанбайды, эмоцияға берілмейді. «Agent Hospital» «MedAgent-Zero» нейрожелісіне негізделген. Мұнда виртуалды дәрігерлермен бірге науқасқа жол көрсететін медбикелер де бар. ЖИ әр жағдайды талдап, өз алгоритмін үнемі жетілдіріп отырады.