Саясат • Бүгін, 08:48

Сурдлимпиада жүлдегерлері марапатталды

10 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Премьер-министр Олжас Бектенов биыл 15–26 қараша аралығында Токио қаласында (Жапония) өткен XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарына қатысушы отандық спортшыларға мемлекеттік наградалар табыс етті.

Сурдлимпиада жүлдегерлері марапатталды

Олжас Бектенов спортшыларды қолдау Үкімет жұмысының басым бағыттарының бірі екенін атап өтіп, Ұлттық құрамаға, оның мамандары мен бапкерлер құрамына жеңіске жету жолында табандылық пен ерік-жігердің үлгісін көрсеткен үйлесімді әрі нәтижелі жұмыстарына алғыс айтты.

Биылғы Сурдлимпиада ойындарына 81 мемлекеттен 3 мыңға жуық спортшы қатысты. Отандық спортшылар сегіз спорт түрінен ел намысын қорғап, 8 алтын, 4 күміс пен 13 қола – барлығы 25 медаль жеңіп алды. Нәтижесінде, еліміздің Ұлттық құрамасы жалпы командалық есепте 9-орынды иеленді.

«Мемлекет басшысы халыққа Жол­дауын­да бұқаралық спортты дамыту­ға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға спорт ғимараттарын салуға баса назар аудару қажеттігін айтты. Сурдлимпиада ойындары еліміздегі сурдлимпиада қозға­лысының тұрақты дамып келе жатқанын айғақтайды. Бұл – спорттық ұйымдардың, жаттықтырушылардың сон­дай-ақ, өз еңбегімен болашақ жеңіс­терге берік негіз қалайтын спортшылардың үйлесімді әрі тынымсыз жұмысының нәтижесі. Президенттің тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет кәсіби және бұқаралық спортты дамыту, спортшыларды қолдауға қатысты жұмыс жүргізуде, жаңа инфрақұрылым нысандары салынып жатыр. Жүйелі әрі уақтылы шаралар жалпы жетістікті арттыруға, бүкіл спорт саласын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді», деді О.Бектенов.

Марапаттау барысында сурдо дзюдо спортшыларының жетістіктері атап өтілді. Олардың жоғары деңгейде өнер көрсетуі елімізге 11 медаль (5 алтын, 2 кү­міс және 4 қола) алып келді әрі Сурдлим­­п­иада ойындарының жарқын жетіс­­тік­­терінің бірі болды. Команда көш­бас­­­шы­ларының қатарында үш дүркін және екі дүркін чемпион атанған Еркебұлан Қанафин мен Шадияр Қуандық бар.

Ал биіктікке секіруден ұлттық құрама қоржынына алтын медаль салған жеңіл атлет­ші Фаина Мейрманова 1,79 метрді бағын­дырып, ойының рекордын орнат­ты. Еркін және грек-рим күресінде чемпион атанған балуандар Андрей Самарин мен Шадияр Пернеш те жалпы нәтижеге айтарлықтай үлес қосты. Үстел теннисінде Қанат Конкубаев, Данияр Ескендіров, Бижан Төлебаев пен Абылай Бүркітбай қола жүлдеге ие болды. Таэквондода Аян Абдраш, Айжамол Абдикатова мен Аида Макатова қола жүлдегер атанды.

Премьер-министр қол жеткізілген барлық нәтижелер елдегі спортшыларды даяр­­лаудың жоғары деңгейі әрі олар­дың аса маңызды спорттық сын-қатер­лер­мен ой­дағыдай күресуге қабілетті­лігін көр­се­тетінін айтты. Марапат­талған­дар­дың атынан жаттықтырушылар Серік Данияров пен Максим Рожков сөз сөйледі.

«Барлық спортшы мен жаттықтыру­шының атынан ел Президентіне сурдлимпиада спортшыларына көрсеткен үлкен қолдауына алғыс айтқым келеді. Біз Сурдлимпиада ойындарында 1997 жылдан бері өнер көрсетіп келеміз. Елімізге алтын медальды бірінші болып жеңіп алғаным есімде. Осы жылдарда өте үлкен жұмыс атқарылды. Жапония­дағы ойындар біздің еліміз үшін жетістік­ке толы болды. Біз алғаш рет көп медаль иелендік. Осы дәстүрімізді әрі қарай жалғастырамыз», деді Ұлттық Сурдлимпиада құрамасының жеңіл атлетикадан жаттықтырушы М.Рожков.

«Бүгінде ауқымды жұмыстар атқарыл­­ды. Біз осы Сурдлимпиада ойын­д­арында жоғары деңгейде өнер көрсет­тік, нәтижесінде осындай марапаттар мен жеңістерге қол жеткіздік. Елімізге, Президентке үлкен рахмет. Мен өзім­нің қола медалімді Мемлекет басшысына арнағым келеді», деді үстел теннисінен ұлттық құрама командасының аға жаттықтырушысы С.Данияров.

Соңғы жаңалықтар