Экспорт • 23 Желтоқсан, 2025

«Болжам жасамаймын, бірақ бағаға әсер етеді»: Вице-премьер ет экспортына тыйым салу себебін түсіндірді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда ірі қара мал етінің экспортына енгізілген шектеулер нарықтағы бағаны тұрақтандыруға септігін тигізеді. Бұл туралы Вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Болжам жасамаймын, бірақ бағаға әсер етеді»: Вице-премьер ет экспортына тыйым салу себебін түсіндірді

Фото: Ашық дереккөз

Министр бағаның нақты қанша теңгеге арзандайтынын дөп басып айтпағанымен, бұл қадамның оң әсері болатынына сенімді.

«Мен болжам жасаумен айналыспаймын, бірақ бұл сиыр етінің бағасын тұрақтандыруға әсер ететіні сөзсіз. Ең бастысы − 2026 жыл мал шаруашылығын белсенді дамыту жылы болады. Біз екі жыл бойы өсімдік шаруашылығына барынша көңіл бөліп, жақсы өнім алдық. Енді осындай ауқымды жұмыс мал саласында күтіп тұр», деді Серік Жұманғарин Үкімет брифингінде.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін үшінші елдерге және ЕАЭО елдеріне 13 мың тонна көлемінде сиыр етін (жаңа, тоңазытылған немесе мұздатылған) әкетуге сандық шектеулер (квоталар) енгізілген болатын

 
Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35