Фото: ашық дереккөз
Үкімет басшысының айтуынша, мұндай бизнесті қолдаудың тиімді жолдарының бірі – «Өрлеу» бағдарламасы арқылы қаржыландыру шарттарын кеңейту. Яғни, кәсіпкерлерге несие мен басқа да қолдау түрлерін алу жеңілдейді.
Осы тапсырмаға сәйкес Ұлттық экономика министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірге нақты ұсыныстар дайындайды. Басты мақсат – адал салық төлеп отырған кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, олардың жұмысын дамытуға мүмкіндік беру.
Айта кетейік, салық төлеуші «Цифрлық бюджет» арқылы өз аударымын көре алады. 2026 жылдан бастап Қазақстанда салық борышы үшін шоттарды бұғаттау ережелері өзгереді.