23 Ақпан, 2015

Маңғыстау өнерпаздары Түрікменстанда концерт берді

408 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
a4oCLW-WdWQАҚТАУ. 23 ақпан. Маңғыстау өнерпаздары, яғни Мұрат Өскінбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының өнер ұжымы Түрікменстан Республикасында концерт берді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Түркменбаши қаласында «Түрікменстан және Қазақстан Көшбасшыларының Ұлы Жібек Жолын жандандырудағы рөлі» атты ғылыми - тәжірибелік конференцияға және екі ел өнерпаздарының қатысуымен болатын «Түрікменстан мен Қазақстан Республикасы арасындағы шекара – бауырластық шекарасы, ғасырлық Достық пен Бейбітшілік шекарасы» атты концертке қазақстандық өнерпаздар шақырту алған болатын. Түрікменстан президенті Г.Бердымұхаметовтың екі ел арасындағы шекаралық ынтымақтастықты жандандыру мақсатындағы «Бейтараптық пен Бейбітшілік» жылына сәйкес берілген тапсырмалары аясында өткен іс-шарада М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының «Ақжарма» фольклорлық ансамблі мен би тобы өз өнерін көрсетті. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының профессоры, мәдениет қайраткері Амандық Көмекұлы қазақ тілінде өнер көрсетіп қана қоймай, түрікмен ұлттық аспабы «дутар» сүйемелімен түрікменше жырлады. Концертте түрікмен ырғағындағы бірнеше күйлер орындалып, концерт екі елдің бірлескен би ұжымының сахналандырылған би қойылымымен аяқталды. Қазақстан делегациясымен барған өнерпаздарды Түркменбаши қаласындағы Қазақстан Республикасының елшісі Мұхит Советұлы Оразаев және Түрікменстанның Балқан уәлаяты әкімдігі өкілдері қарсы алып, құрметпен шығарып салды. Гүлайым Шынтемірқызы. Дерек, сурет: egemen.kz. RiPk5_sjCR4 UWmgvU05_YE