«Достық-2025» байқауы азаматтық қоғамды жаңғырту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын қорытындылау мақсатында ұйымдастырылды.
«Ынтымақты елге бақ қонар» деген аталы сөз бар. Ел бірлігі – елдігіміздің арқауы, тәуелсіздік тірегі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Бірлігіміз – ең басты байлығымыз» деп атап өткендей, елдік мүдде жолында бірлесіп еңбек ету – баршамыздың басты міндетіміз. Бұл ұстаным жуырда Президенттің Жарлығымен бекітілген ішкі саясат жөніндегі стратегиялық құжаттарда да жалғасын тапқан. «Қазақстан Республикасының ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағытта-ры» туралы Жарлықта «Бірлік пен ынтымақ – қоғамдағы тұрақтылық пен үйлесімділіктің тұғыры саналатын құндылықтар» деп нақты айқындалды. Адал еңбек, риясыз көңілдің арқасында сіздер татулық пен келісімнің жарқын үлгісін көрсетіп келесіздер. Соның дәлелі – бүгінгі «Достық» байқауы. Бұл – өңіріміздегі этнос өкілдерінің мәдениеті мен дәстүрін құрметтеп, ынтымақ-бірлігімізді нығайтуға бағытталған маңызды шара. Абай облысында ғана өткізілетін маңызды алаң десек болады. Қашанда белсенді азаматтық ұстаным, ел тыныштығы мен ұлт тұтастығын көксеген сіздердің еңбектеріңіз орасан зор!» деді облыс әкімі, Абай облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Берік Уәли,
Жиында «Достық-2025» байқауының жеңімпаздары «Рухани бірлік пен жалпыұлттық келісімді дамытуға қосқан үлесі үшін», «Азаматтық қоғамды дамытуға қосқан үлесі үшін», «Қоғамдағы татулық пен өзара құрметті нығайтуға қосқан үлесі үшін», «Мәдени мұра мен дәстүрді сақтауға қосқан үлесі үшін», «Рухани келісім мен ұрпақ сабақтастығының үлгісі» аталымдары бойынша марапатталды. Сонымен қатар бірқатар этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық ұйым өкілдеріне Қазақстан халқы Ассамблеясының және облыс әкімінің Алғысхаттары табысталды.
Кеш соңында Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияның концерттік бағдарламасы көрермен назарына ұсынылды.
Абай облысы