Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Қырғыз Республикасына келді.
Cапар барысында Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының Президенті Алмаз Атамбаевпен кездесті. Сондай-ақ, екі ел басшылары Қырғызстанның ЕАЭО-ға кіруіне байланысты қырғыз-қазақ шекарасының учаскесінде кедендік бақылауды алып тастау рәсіміне қатысады деп күтілуде. Динара БІТІКОВА, «Егемен Қазақстан». Ыстықкөлден.