23 Ақпан, 2015

Каир арабтардың әскери одағын құрғысы келеді

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23-02-15-IGIL-1

АСТАНА. 23 ақпан. Египет араб мемлекеттерінің ортақ әскери-соғыс одағын құрғысы келеді. Король Абдель Фаттах ас-Сиси бүгін телеарнадан ұлтқа арнап сөйлеген сөзінде осыны айтты. Бұл туралы ТАСС хабарлады. Каир мұны сырттан төнетін қауіп-қатерден қорғану үшін керек деп түсіндіріп отыр. «Қазір сырттан төніп отырған қауіп пен қатерге қарсы тұра алатын араб елдерінің өз қарулы күштері болуы керек», - деп жеткізді ол. Мемлекет басшысы сондай-ақ Египеттің Ливияны соққы алу себебін де айтып берді. Оның айтуынша, бұл өз елінің азаматтарын қырғынға салғанға жауап болды. Египет сол себепті көрші мемлекеттің территориясындағы нысаналарға 13 соққы берді. Еске сала кетейік, «Ислам мемлекетінің» содырлары 15 ақпан күні Ливияда жұмыс жасап жүрген египеттік 21 христианды аяусыз өлтірген еді. Бұған жауап ретінде Мысыр әуе күштері Ливияның шығыс бөлігінде тұратын экстремистердің ұяларын оқтың астына алған болатын. Мұрат Айтқожа.