Фото: Victor Velter/Shutterstock/FOTODOM
Қаскөйлер көлік тұрағында тасымалдаушыларды күтіп тұрып, мекенжайға жеткенде қарумен қорқытып, шабармандардың бірінің басынан балғамен ұрған.
Шабуылдаушылар көздеген дүниесін алып, бой тасалаған.
Париж полициясының мәліметінше, күдіктілер 5 бума зергерлік бұйым мен алтындарды ұрлаған. Шабармандар жеткізбек болған тауардың ішінде ерекше жақұт тас та болған.
Айта кетейік, бұған дейін Лувр музейінде бұрын-соңды болмаған ұрлық жасалған еді.
Осы жылы әлемге әйгілі музей кітапханасындағы 400-ге жуық құжатқа да зақым келген. Ғимаратта кәріз суы тасып, Мысыр көне жәдігерлер бөліміндегі құнды дүниелер зақымданған.
Сондай-ақ биыл бельгиялық екі блогер Лувр күзетшілерін алдап, Мона Лиза портретінің жанына өз суреттерін іліп тастаған болатын.
Луврдағы ұрлықтан кейін Қазақстан музейлеріндегі қауіпсіздік деңгейі де тексерілді.