Фото: autoblog.com
BMW эмблемасы пішінінде жасалған
Патенттен бұранда басының бірнеше нұсқасы бар екені байқалады, мысалы, ұяшықты, жалпақ және дөңгелек түрі бар. Оның бәрі BMW эмблемасы пішінінде жасалған, дөңгелектің төрт секциясының екеуі ойыңқы, екеуі не тегіс, не дөңес болады. Мұндай тамаша шешім бұрын неге ешкімнің ойына келмегені белгісіз.
Ешбір бұрауыш бұрай алмайды
Қазір қолда бар бұрауыштардың ешбірі мұндай бұранданы бұрауға жарамайды. Сондықтан BMW иесіне көлігін жөндету үшін компания алдын ала тиісті құрал-жабдықпен қамтамасыз еткен дилерлік орталыққа баруға тура келеді.
Бұл қосалқы бөлшек сатушыларға қосымша табыс көзі болары анық. Жаңа бұранда өз бетінше еңбек ететін шеберлер үшін шешілмес түйінге айнала ма?