Бағдарлама жас мамандарға тиімді шарттармен өз баспанасын сатып алуға мүмкіндік береді.
Оның негізгі шарттары: пайыздық мөлшерлеме – 5 пайыз, несие сомасы – 20 миллион теңгеге дейін. Кемінде 10 пайыз бастапқы жарнасын төлейді.
Бағдарламаға мұғалімдер, дәрігерлер мен медбикелер, спортшылар, мәдениет қызметкерлері, журналистер, ЖОО оқытушылары, ғылыми және әлеуметтік сала мамандары қатысады.
«Ulytau Zhastary» жеңілдетілген ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы арқылы 2023 жылы 750 миллион теңге бөлініп, 39 жас отбасы баспаналы болды. 2024 жылы 1 миллиард теңге қарастырылып, 57 отбасы тұрғын үйге қол жеткізді. Биылғы жылы 625 миллион теңге бөлініп, 32 жас отбасын баспанамен қамту жоспарланды.